Түпқараған тұрғыны тігінші мамандығының жетістіктерімен бөлісті
26 Июля 2022 (15:35) | 2138 | Автор: Редакция
Маңғыстауда өз кәсібін дөңгелетіп отырған мүмкіндігі шектеулі жандардың қатары артып келеді. Солардың бірі «Жамал Ай» брендімен құрақ көрпе, қыз жасауы, ұлттық нақыштағы бұйымдар тігетін Айжамал Құсбекова, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының тұрғыны бұл кәсіпті қолға алғанына бір жылдан астам уақыт болған. 1-топтағы мүгедектігі бар келіншек ерік-жігерін сүйікті ісіне арнап, одан табысын тауып отыр.
Қыз жасауымен айналысатын шебердің қолынан шыққан бұйымдарға өңіріміздегі ауыл, қаламен қоса еліміздің әр түкпірінен тапсырыс түседі. Оның оюларымен өрмектелген құрақ көрпешелер көздің жауын алады,-дейді тұрақты тұтынушылары.
Шебердің айтуынша, ісмерлік өнері анасынан дарыған. Бірақ денсаулық жағдайымен еңбек демалысына шыққанға дейін, тігінмен бұрын айналыспаған.
-Мен бұл істі бастаған кезде мемлекеттен не басқа жерден қолдау күткен жоқпын. Өзімнің аздаған қаражаттыммен, жәрдемақыммен бастадым, жолдасым да көмектесті. Қазіргі уақытта тапсырыстарым көп, күннен күнге дамып жатырмыз. Мүгедекпін деп ешкімге алақан жайып отырған жоқпын. Өз сүйікті ісіммен айналысып қаражат тауып отырмын, - деді Айжамал Құсбекова.
Айжамал Құсбекованың бұл іспен айналысқанына ұзақ уақыт болмасада, еңбегі еленіп, Түпқараған ауданы әкімінің алғыс хатын алған. Сондай-ақ, «Құнды құрақ» үздік құрақшылар сайысында топ жарып, І-орын иеленген.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему