Автокөлікте өрт қауіпсіздігін сақтайық!
Курс валют в Актау
на 22/03/2025
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
22 Марта, 23:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Автокөлікте өрт қауіпсіздігін сақтайық!

29 Января 2019 (09:24) | 4022 | Автор: Нурганым Имашева

Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жыл көлемінде өртті тудыратын себептерді сараптап, өрттің алдын алу, оны болдырмау бағытында халық арасында жүйелі түрде үгіт-насихат жұмыстарын атқаруда.

 

 

2018 жылы Түпқараған ауданы бойынша 18 өрт оқиғасы орын алған, оның ішінде 5 өрт оқиғасы автокөлікте тіркеліп отыр. Жалпы өрттің 28 %-ын құрайды.

 

Талдау нәтижесінде, автокөліктердегі өрттердің басты себептерінің бірі - автокөліктің электр жабдықтары қондырғыларын құру, пайдалану талаптарының бұзылуынан электр желілерінің қысқаша тұйықталу жағдайлары әсер етуінен, ашық отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдары, сонымен қатар газ құрылғыларын қолдану кезіндегі қауіпсіздік ержелерін сақтамау болып отыр.

 

Осы орайда, Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жүргізушілер назарына ұсынады: Автокөліктерде өрт болған жағдайда, автокөлік жүргізушілері өрт жағдайына әрдайым дайын болып, өртті ауыздықтау және адамдарды құтқару тәсілдерін меңгеріп, ережеге сай автокөліктердің өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс, ал жолаушы үрейге берілмеуі қажет.

 

Сонымен қатар, әрбір азамат өртті немесе оның жану белгілерін (түтінді, күйік иісін, температураның жоғарылауын т.б.) байқаған кезде:

 

* телефон арқылы өртке қарсы қызметіне хабарлауға (бұл ретте нысанның мекен-жайын, өрт болған орынды, сондай-ақ өзінің аты-жөнін хабарлауы қажет);

 

* адамдарды көшіру, өртті сөндіру және материалдық құндылықтарды сақтау жөнінде шаралар қолдануға тиіс.

 

Автокөлікте тоқ көздерінің жанған иісі шыққан жағдайда, Сіздің ең бірінші әрекетіңіз автокөлікті тоқтатып, тоқ көзінен ажыратып, өртсөндіргіш құралымен өртті сөндіру.

 

 

Автокөліктегі өртті сөндіруге арналған құралдың ең тиімдісі – өртсөндіргіш. Себебі, қолыңызда өрт сөндіргіш құралы болған жағдайда, өрттің өршуіне жол берілмей, өртті дер кезінде жоюға, өміріңізге қауіп төндірмей, ауқымды шығын келтірмеуге әсер етеді.

 

Автокөлікке электр дәнекерлеу және басқа отпен байланысты жұмыстарды жүргізуді техникалық нұсқаулықтан өткен, рұқсат құжаты бар мамандарға тапсырып, жасату ұсынылады.

 

Құрметті автокөлік жүргізушілері! Сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда!

 

Сіздерден «Өрт қауіпсіздік ережесі» талаптарының сақталуын қамтамасыз етулеріңізді, сонымен қатар өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефондары арқылы өрт сөндіру бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз!

 

Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Нұрқожа Қожабергенұлы Альджанов

 

Суреттер kaz. tengrinews.kz , voxpopli.kz, m.sputniknews.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
загрузка...