Әлем чемпионымен кездесу өтті
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 08:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әлем чемпионымен кездесу өтті

22 Ноября 2017 (17:40) | 2832 | Автор: Нурганым Имашева

Мемлекет басшысының«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Маңғыстау облысы бойынша филиалы-«Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру»департаментіндекаратэ-додан кадеттер мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы Еркінбек Байтөреев пен бапкері Ержан Қожаевпен кездесу өтті.

 

 

«Толқын» спорт мектебінің шәкірті Еркінбек Байтөреев биылғы жылдың қазан айында Испанияда өткен Әлем чемпионатында Қазақ елінің намысын абыроймен қорғап, алтын медальді иеленген болатын.

 

 

Кездесуде Әлем чемпионы спорттағы жетістіктерінің құпиясымен бөлісіп, департамент қызметкерлерін спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

 

-Өзім 9 жасымнан бері каратэмен айналысамын. Үлкен жарыстарға 2011 жылдан бастап қатыстым. Қатысқан жарыстарымныңбасым көпшілігінен олжалы оралып жүрмін.Биыл Испанияда өткен Әлем чемпионатында қарсыластарымның барлығы мықты болды.

 

 

Алайда, мықты дайындықтың, қажырлы еңбектің арқасында алтыннан алқа тағып, Әлем чемпионы атандым. Жарысқа дайындаған бапкерлеріме, сенім артқан ата-анама алғыс айтамын.

 

 

 

Адам алдына үлкен мақсат қоя білсе, қай салада да биік белестерді бағындыра алады. Сіздер де жұмыстан тыс уақытта спортпен шұғылданып, денсаулықтарыңызға көңіл бөлсеңіздер, елімізде салауатты өмір салтын ұстанатын жандардың қатарын көбейтесіздер. Рухы мықты, жігерлі, салауатты ұлт ғана дамыған елдердің қатарынан көріне алады деп есептеймін,-деді Еркінбек Байтөреев.

 

Департамент директоры Мұса Хайруллиевтың айтуынша, «Мұндай шаралар мекеме қызметкерлерін патриоттық рухта тәрбиелеп, үлкен мақсаттарға жетуге жігерлендіреді.

 

Сондықтан да аталған мекемеде әр салада жетістікке жеткен тұлғалармен кездесулер ұдайы ұйымдастырылып тұрады».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему