Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы ескертуде
28 Января 2019 (10:17) | 2766 | Автор: Нурганым Имашева
Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен тұрғын үйлер арасында қауіпсіздік ережелерін сақтамай газ қондырғылары мен пештерін қолдану барысында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметі және «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның қызметкерлерімен бірлесе тұрғын үйлер арасында өрт қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғындарға газ қондырғыларын пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, үй жылыту пештерін қолдану ережелері және қолөнершілердің шығарған пештерін қолдануға тыйым салынатыны туралы үй-үйлерге кіріп нұсқаулық беру арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылып жатыр.
-Өрт қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстарының мақсаты – халық, жұртшылық арасында өрт қауіпсіздігі ережесінің тұрмыстық, күнде қолданыстағы қарапайым талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, өрттің алдын алу, болдырмау, адам өлімі мен жарақатына жол бермеу және улы газбен улану жағдайын болдырмау болып табылады,-деп хабарлайды Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
Суреттерді түсірген Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему