Ақтауда үш күн ішінде автобус жүргізушілерімен жасалған 164 құқық бұзушылық тіркелді
21 Января 2019 (09:53) | 1805 | Автор: Нурганым Имашева
Полиция департаментінің Баспасөз қызметі жолдаған мәліметке сай, «Ағымдағы жылдың 17-19 қаңтар аралығында қала аумағында Маңғыстау облысы Көлікті бақылау инспекциясымен, қоғамдық өкілдерімен бірлесіп, «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасылмауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру».
-Үш күн ішінде заңсыз адам тасымалдау, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша 17 құқық бұзушылық дерегі анықталды, сондай-ақ автобус жүргізушілерімен жасалған 164 құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде маневр жасау ережесін бұзу - 60, жүргізу кезінде телефон немесе радиостанция қолдану- 42, рейс алды қараудан өтпеген - 2, азаматтық-құқықтық жауапкершіліксіз- 22, автобус паркінің лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартылуы бойынша 1 дерек тіркелді,- деп хабарлайды Маңғыстау облысының Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему