Ақтауда оқушылар кітап-торт пісіріп жарысты
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 19:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда оқушылар кітап-торт пісіріп жарысты

28 Января 2019 (14:02) | 3404 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тәтті кітап» атты өте ерекше сайыс өтті. Білім ордасының 17 шаңырағының қатысуымен ұйымдастырылған шарада зияткерлер мен олардың ата-аналары оқыған кітаптарының желісінде торт жасаудан жарысып, ең үздік кітап-тортты анықтады.

 

 

Шараны ұйымдастырушы «Каспий» шаңырағының педагог-кураторы Ақгүл Сарманованың сөзінше, конкурсты өткізудегі басты мақсат – балаларды кітап оқуға ынталандыру, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «100 кітап» жобасының танымалдылығын арттыру.

 

* Мектебіміздегі кітап сүйер оқушылардың басын біріктіріп, «DARA» атты оқырмандар клубын құрдық. Аталған ұйым балалар мен ата-аналар арасында кітап оқудың танымалдылығын арттырып, шығармаларға жарнама жасауды, ата-ананы мектеп өміріне белсенді араластыруды көздейді. Нәтижесінде, клуб мүшелері осындай қызықты сайысты өткізуді ұсынды, - дейді Ақгүл Амандосқызы.

 

«Тәтті кітап» жобасын ұйымдастыру тыңғылықты, жүйелі жұмыстар арқасында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Әрбір шаңырақ екінші тоқсан соңында жеребе көмегімен оқитын үш кітаптарын анықтайды. Кейін ол кітаптарды оқып, сынып болып талқылау жүргізеді. Жарыс күні жарыс критерийлеріне сәйкес торт дайындап, оны көшілік алдында қорғап, өздері дайындаған торт- кітапқа жарнама жасады. Оқушылар қаламгер Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», Александр Бектің «Волоколамское шоссе», Чарлс Диккенстің «Oliver Twist» және тағы да басқа танымал кітаптардың мұқабасына сәйкестендіріп безендірді. Жалпы көлемде оқушылар 50-ге жуық кітап оқыды.

 

 

* Торт пісіру – ұзақ уақытты алатындықтан біз қатысушыларға, қамырын алдын-ала дайындап келуге рұқсат бердік. Дайындалған торттардың кітап желісіне сай безендірілуін, оның таныстырылымын және топтық жұмысты бағалау критерийі қып қойдық. Мұндай сайыс қыз балаларға ерекше қызық болды деп ойлаймын, - дейді «DARA» оқырмандар клубының мүшесі, 11-сынып оқушысы Казине Махсудова жарыс туралы.

 

Қазылар алқасының шешімімен Э.Хэмингуейдің «Шал мен теңіз» повесі негізінде «Маңғыстау» шаңырағының қатысушылары дайындаған тәтті ең үздік торт деп танылды. Ал «Қарақия - 1» (С.Назарова «Мой зеленоглазый аруах») және «Ақорда-2» (А.Бек «Волоколамское шоссе») шаңырақтары ІІ орынды қанжығаларына байлады. Ал ІІІ орын «Қарақия - 2» (Б.Шоу «Пигмалион») және «Ақорда-1» (Шарлотта Бронте - «Джейн Эйр»), «Саура» (Антуан де-сент Экзюпери- «Маленкий принц») шаңырақтарына бұйырды.

 

 

* Мұндай қызықты жарысқа алғаш рет қатысып тұрмыз. Біз өзімізге ерекше әсер қалдырған Шерхан Мұртаза атамыздың «Ай мен Айша» шығармасының желісінде торт дайындадық. Бұл туындыда жазушының балалық шағында басынан кешкендері, отбасы туралы баяндалған. Ерекше әсер сыйлайтын кітапты оқуға кеңес береміз. Осындай керемет жобаға қолдау білдірген ата-аналарымызға алғысымыз шексіз, - дейді «Тамшалы» шаңырағынан қатысқан Назгүл Қуантқан мен Қуаныш Беатрисс.

 

Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы диплом, сертификаттармен марапатталды. Ал дайын тәттілер шаңырақ оқушыларына таратылды. Бұл туралы біздің басылымға Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему