Маңғыстаулық тәртіп сақшылары 4 заңсыз букмекер кеңсесін анықтады
18 Января 2019 (11:23) | 1882 | Автор: Нурганым Имашева
-Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің ҰҚКБ-ның қызметкерлері 2019 жылдың 11-13 қаңтар аралығында жедел-рейдтік іс-шараларды өткізді. Шара барысында рұқсаты жоқ және салық органдарында тіркелмеген 4 ойын мекемесі анықталды.
Осы деректер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабына (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сәйкес 4 қылмыстық іс қозғалды, -деп хабарлайды Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Рейдтік шара барысында 1) Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы «Дунай» сауда орталығынан, 2) Ақтау қаласы, 5 ш/а, «Свежак» сыра бары ғимаратынан, 3) Ақтау қаласы 6 ш/а, «Дом быта» сауда орталығының «Бинго» букмекерлік кеңсесінен, 4) Ақтау қаласы, 7 ш/а, 25 үй жанында орналасқан «Профит» букмекерлік кеңсесінен төмендегідей заттар табылып, тәркіленді:
* 657 700 теңге көлемінде ақшалай қаражат;
* 4 дана монитор;
* 16 дана теледидар;
* 2 дана бейнетіркегіш;
* 2 дана кассалық аппарат;
* 37 дана процессор;
* 4 дана моноблок;
* 4 дана жүйелі блок;
* 4 дана чек аппараты;
* 3 дана роутер;
* 1 дана чек аппараттың сканері;
* 4 дана ойналған қағаз чектері.
-Осы қылмыстық істердің барлығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 186-бабына сәйкес Маңғыстау облысы Мемлекеттік Кірістер Департаментіне тиісті шешім қабылдау үшін жолданды,-деп хабарлайды осы ақпаратты жолдаған Маңғыстау облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Полиция Департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему