Ақтауда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылуының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 23:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылуының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

23 Июля 2017 (13:25) | 3869 | Автор: Нурганым Имашева

20 шілдеде облыс орталығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің құрылуының 25 – жылдығы салтанатты түрде аталып өтті.

 

 

Осыған орай теңіз жағалауында ұйымдастырылған мерекелік шараға Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің сарбаздары, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, облыстық мәслихаттың депутаттары мен өндірістік мекемелердің өкілдері және жастар ұйымының, ҮЕҰ мен Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері жиылды.

 

 

Ресми жиынды құттықтау сөзбен ашқан ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Батыс» өңірлік Басқармасының басшысы полковник Қайырбеков Тимур Маратұлы 1992 жылдың 18 тамызында Елбасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құрамында Шекара қызметін құрғанынан бері аталған қызметтің ел шебінің қауіпсіздігін қырағылықпен күзетудегі қол жеткізген табыстары мен жетістіктері туралы айта келіп, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік Басқармасының бастығы полковник Қаюпов Әлібек Амангелдіұлына «Ерлік эстафетасын» салтанатты түрде табыс етті. Полковник Әлібек Қаюпов шекара қызметінің ардагерлеріне ел шебін қорғаудағы адал қызметі мен саланы қалыптастыру ісіне қосқан мол үлестері үшін шынайы алғыс білдірді.

 

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік Басқармасының 2018 әскери бөлімінің сарбаздары мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстау кезінде пайдаланылатын қызметтік иттерді қолданудың және қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін көрсетті, түрлі қару-жарақты қолдану мен одан сақтануға арналған шалт қимылды дағдыларды қолдану әдістерін паш етті. Сонымен қатар, қала тұрғындары әскери бөлімдердің жеке құрамдарының салтанатты киім үлгісінде сап түзеуін тамашалады.

 

 

Мерекелік шара барысында әскери теңіз кемелері мен катерлерінің шеруі ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен меймандары, теңіз жағалауында демалушылар көк айдын жүзінде тізіліп сап түзеген әскери кемелерден құралған әдемі көріністің куәсі болды.

 

 

Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Ералы Тоғжанов сақшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап:

-Өңірімізде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Батыс» және «Жағалау күзеті» өңірлік Басқармасы өз қызметтерін жоғары деңгейде жүргізуде.

 

 

Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап еліміздің тыныштығы мен шекарасының қауіпсіздігін қырағылықпен, жоғары жауапкершілікпен күзетіп келе жатқан шекарашылардың, ардагерлеріміздің өз қызметтерін тәуекелге бел байлай, мінсіз, адалдықпен атқаруы – ерекше құнды.

 

 

Болашақта Қазақстандық патриотизммен рухтанған офицерлеріміз бен қатардағы жауынгерлеріміз ардагерлер салып кеткен сара жолдан таймай, жауапты қызметті лайықты жалғастырады деген үлкен сенімдеміз, - деп атап өтті.

 

 

Аймақ басшысы бірқатар шекарашыларды Отан алдындағы әскери борышын мінсіз атқарғаны үшін «ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 25 – жыл» мерейтойлық медалімен және «Алғыс хатпен» марапаттады.

 

 

Осыдан соң мерекелік кеш шекарашы сарбаздардың күшімен дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты. Концерт барысында көрермендер назарына теңіз әскери сарбаздарының ел шебін қорғаудағы қырағылығын, ерлігін паш ететін, шекарашылардың әскери өмірінен сыр шертетін бейнеролик ұсынылды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему