Жана жыл қарсаңында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 14:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жана жыл қарсаңында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз

31 Декабря 2018 (10:34) | 3125 | Автор: Нурганым Имашева

Жаңа жыл мейрамын өткізгенде адамдар тек қуанышын ғана ойлайды, бірақ осындай мейрамдар өрттің шығуына қолайлы деп айтсақ, қате болмас. «Сақтықта- қорлық жоқ» деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Осы мейрам қаншама жас балаларға қуаныш алып келеді!  Сол уақытта  өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды ұмытпайық?!

 

 

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ағымдағы жылдың 28 желтоқсан күні Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп Ақтау қаласы 31 шағын аудан ЖШС «Мағаш» Сары базар аумағында  перотехникалық бұйымдар сататын жеке кәсіпкерлерге рейдтік тексеріс  жұмыстарын жүргізді.

 

Тексеріс барысында заңсыз перотехникалық бұйымдар сатылатыны және де пиротехникалық бұйымдар өрт қауіпсіздігінің ережелеріне сәйкес келмей сатылатыны анықталды.

 

Іс-шаралар барысында 300-ге жуық пиротехникалық бұйымдар тәркіленді. Яғни өнімдер ірі сауда нысандарында немесе оның жанында  орналасады, өрт сөндірудің қарапайым құралдары болмайды және сатушы төтенше жағдай болған кезде не істеу керек екенін де білмейді.

 

Пиротехникалық бұйымдарды олақ және дұрыс пайдаланбау өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, өрт шығуына, осы қызықтар балалар мен жасөспірімдердің термиялық күйікке, түрлі жарақат алуына себепші болады.

 

 

Кез-келген пиротехникалық бұйымнан өрт шығу немесе жарақат алу ықтимал қаупі бар. Сондықтан оларды қолдану кезіндегі қауіпсіздік бірінші кезекте адамға байланысты.

 

Пиротехникалық бұйымдарды сатып алған кезде, міндетті түрде әр бұйымда болуы тиіс нұсқаулықпен танысыңыз. Егер ақпарат жоқ болса, онда бұл бұйым сертификатталмаған болуы мүмкін және пайдалануға өте қауіпті.

 

Пиротехникалық бұйымдарда сәйкестік сертификаты болуы тиіс, онда қауіптілік сыныбы көрсетіледі. Бұйымдардың жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Оны өндіруші өзі белгілейді, осы мерзімді ұзартуға ешкімнің құқығы жоқ.

 

Міндетті түрде бұйымның бұзылмағандығын, буып-түюнде ақаулықтар болмауын тексеріңіз

 

Осығанбайланысты, пиротехникалықбұйымдардысататынадамдарғаөртқауіпсіздігініңережелерінқатаңорындауғашақырамыз.

 

Құрметті  ата-аналар, сіздер алдымен өздеріңіз  өрт қауіпсіздік ережелерін қатал сақтап, балаларға үлгі болуларыңыз қажет және қаншалықты өрт қауіпті екенін түсіндірулеріңіз  керек. Сонымен қатар  жас  балаларды шыршаның қасында  жалғыз қалдыруға болмайтынн ұмытпаңыз.  Жанажылдаөртқауіпсіздікқағидаларынқатаңсақтаңыздар, себебісіздіңүйінізгеапатайтыпкелмейді!

 

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар  басқармасының инженері Гүлбарам Ордабаева

 

Суреттерді түсірген Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему