Соттар мен ЖОО арасында ынтамақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды
7 Апреля 2017 (15:14) | 2540 | Автор: Мира Ботабекова
Бүгін Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті арасында өзара ынтамақтастық жөніндегі Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Аталған іс-шараға сот төрағасы Ж.Аланов, Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университетіннң ректоры Ә.Ботабеков, облыстық соттың судьялары мен университеттің оқытушылар құрамы қатысты.
Шара барысында Ж.Аланов Елбасының судьялардың VII съезінде берген берген тапсырмаларын іске асыру үшін оқу процесін сот тәжірибиесінің материалдарымен толықтыру және сот төрелігін жүзеге асыру бағытында ғылыми ізденістерді енгізудің маңыздылығына тоқталды.
- Екі жақты келісімнің негізгі мақсаты –өз мүмкіндіктерімізді біріктіре отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заң аясында қорғай алуына, құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосу, заң саласының мамандарына практикалық көмек көрсету болып табылады, - деді Жақсылық Рзабекұлы.
Екі арадағы байланыстың нығая түскеніне ризашылығын білдірген университет ректоры: «меморандумға қол қою – болашақ заң қызметкерлерін даярлаудағы маңызды қадам болып табылады. Студенттердің оқу және өндірістік тәжірибеден өтуінен бастап, сот жүйесінің қызметімен таныстыру, заңдарды қолдану мәселелері туралы түрлі шаралар өтеді. Бұл олардың судья кәсібін сапалы түрде таңдауына мүмкіндік береді», - деді.
Жиында облыстық соттың судьясы Г.Бақытжанова «Тәуелсіздік реформалары, Қазақстан Республикасының Сот білімін дамыту жолындағы стратегиясы» атты тақырыпта, Ш.Есенов атындағы КМТИУ-дың «Құқықтану» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты С.Алибеков жоғары білімді заңгерлерді дайындаудың өзекті мәселелері жөнінде тұщымды баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында қатысушыларға Маңғыстау облыстық сотының кеңсесі, сот залдары мен күту залдары, оқу және баспасөз орталықтарының жұмыстары таныстырылды. Қонақтар сот процесін дыбыс-бейне жазба құралдары арқылы жүргізу, істерді тіркеу, жолдау, тағайындау тәртібін, «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы құжаттарды тіркеу жұмысын тамашалады.
Жиын соңында университет ұжымы сот жұмысына жоғары баға беріп, өз ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды.
Осы меморандум аясында соттарда құқықтық сауаттылық айлығын өткізу жоспарлануда. Бір ай ішінде судьялар оқытушылар құрамы мен студенттер алдында дәрістер оқып, тәжірибелерімен бөліссе, көпшілікке арналған пресс-тур өткізіліп, сот жұмыстары ашық түрде насихатталады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему