Пиротехника жөніндегі ең маңызды ақпаратқа құлақ түріңіз!
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 01:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Пиротехника жөніндегі ең маңызды ақпаратқа құлақ түріңіз!

25 Декабря 2018 (10:53) | 3155 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы қала тұрғындарына пиротехниканы қауіпсіз қолдану жөніндегі ескертулерді ұсынады.

 

 

Пиротехника-фейерверктер, салюттер, шартылдақтар мен бенгал оттары – қысқы мерекелер алдындағы ең танымал тауарлар болса керек. Осы қолданыстағы тауарлар құрамында әдетте, дәрі, химиялық қоспалар және еріксіз көңіл көтеруге мүмкіндік беретін металдардың санын қамтиды. Пиротехникаларды қолдану ережелерін орындамау және жарамдылық мерзімі өткен жағдайда, сонымен қатар оңай тұтанғыш материалдарға жақын орналасса, өрттің орын алуына немесе басқа келеңсіз жағдайдың туындауына әкеліп соғуы мүмкін.

 

Базарлар мен көшелерде сапасыз және қауіпті тауар сатуы мүмкін, сондықтан пиротехникалық өнімдерді арнайы сауда нүктелерінен сатып алған жөн.

 

Есте сақтаңыздар, пиротехника балаларға арналмаған – оны тек ересектер ғана сатып алып, оны пайдалануға болады.

 

 

Міндетті түрде тиісті және өрт қауіпсіздігі сертификаттарының, орау қабының бүтіндігіне және өнімнің жарамдылық мерзімінің болуын тексеріңіздер. Пайдалану нұсқаулығында тек өнімді қолданудың қауіпсіз ережелері мен оны утилизациялау ғана емес, сондай-ақ оны сақтау шарттары, қолдану кезінде шектеу мен кенеттен орын алған жану жағдайы кезіндегі әрекет туралы нұсқаулық болуы қажет.

 

Адамдардың көп шоғырланатын жерлерінде, авто жанармай бекеттеріне жақын жерлерде, электр сымдары мен газ сымдарының желілерінде фейерверктер, фонтандар мен салюттерді аймақтарда жаруға тыйым салынады. Ұшыру үшін тұрғын массивтерінен қашықтықта орналасқан ашық алаңды таңдап алыңыздар. Пайдалану нұсқаулығын айқын сақтаған жөн және жағу үрдісінен кейін жеткілікті қашықта алшақтау қажет.

 

 

Пиротехниканы қолданудың бірнеше ережелері бар: абай болыңыздар және кәмілетке толмаған балаларға өздігінен снарядты жағуға немесе оның ұшыруы кезінде жақын орналастыруға мүмкіндік бермеңіздер;

 

фейерверктер мен салютты балалар мен үй жануарларына қолжетімсіз жерде сақтаңыздар, киім қалталарында пиротехникалық өнімдерді салмаңыздар;

 

егер ракета ұшып кетпесе, оны ерте бастан-ақ оның себебін анықтаудың қажеті жоқ. Он минут күтіп, одан кейін іске қосылмайтын снарядқа ақырын су құйыңыздар және оны өзге қоқыстармен бірге жойыңыздар. Күйіп кеткен фитильді қайталап жақпаңыздар;

 

 

егер сіздің бөлмеңізге жат ракета ұшып келсе, оны қолға алудың қажеті жоқ, ең бастысы - дүрлікпеңіз және кез келген жанбайтын сұйықтықпен отты сөндіруге тырысыңыз, бұл айтарлықтай қиын емес. Егер мұны жүзеге асырылмаған жағдайда – өртсөндірушілерді шақырыңыздар.

 

Есте сақтаңыздар, Жаңа жылдағы қауіпсіздік тікелей сауықтыру пиротехникаларын дұрыс пайдалануға байланысты.

 

Суреттер mail.kz, kazakbol.kz, infozakon.kz сайттapынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему