Ақтауда зияткерлік мектептер спартакиадасы өтті
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 15:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда зияткерлік мектептер спартакиадасы өтті

25 Декабря 2018 (09:21) | 2431 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жылды зияткерлік мектептердің дәстүрлі желілік спартакиадасын өткізумен қорытындылады. Желтоқсанның 22-23-і күндері Атырау, Орал, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы қалаларындағы мектептердің қызметкерлерінің басын қосқан сайыс Тәуелсіздік мерекесін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды. Құрама командалар футбол, волейбол, дартс, шахмат, үстел теннисі секілді спорт түрлерінен жарысты.

 

 

Спартакиаданың салтанатты ашылуына қатысқан мектеп директоры Ермек Пайзов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұжымының басын қосып, бірлігін арттыратын спартакиадалардың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

- Ақтау қаласындағы зияткерлік мектеп алғаш рет желілік спартакиаданы ұйымдастырып отыр. Сол себепті атсалысқан барша әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз, - деді Ермек Серікұлы.

 

Сайыстың алғашқы күні құрама командалар волейбол, дартс, шахмат, үстел теннисінен бақ сынаса, екінші күні командалар футбол ойынынан жарысты.

 

- Киелі Маңғыстау жерінде өткен спартакиадаға қатысқанымызға шын жүректен қуаныштымын. Мұндай сайыстар еліміздің әр қиырындағы әріптестердің басын қосып, ынтымақтастығын арттырып, тәжірибе алмасуға таптырмас мүмкіндік. Дене шынықтырып қана қоймай, командада жұмыс істеу қабілеттеріміз шыңдала түсті, - дейді Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кураторы Гүлнар Сержанова спартакиада жайында.

 

 

Екі күнге созылған сайыс нәтижесінде волейбол мен шахматтан Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы үздік нәтиже көрсетсе, дартстан Шымкент қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы жеңімпаз атанды. Ал футбол мен үстел теннисінің үздігі Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы болды.

 

Спартакиадада үздік ойын көрсеткен қатысушылар да жекелей марапатталды. Волейбол ойынында «Үздік қорғаушы» номинациясымен Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Бактияр Сапаргалиев марапатталса, Орал қаласындағы зияткерлік мектептен Асылан Исмагулов «Үздік байланыстырушы», Шымкент қаласындағы зияткерлік мектептен Владислав Вепрев «Үздік ойыншы», ал Тағабек Романқұлов «Үздік шабуылдаушы» атанды.

 

Жарыстың ең қызықты бөілімі футбол жарысы болды. Қатысушылар алаңда әдемі ойын көрсетіп, жанкүйерлер мен көрермендер керемет қолдау көрсетті. Жарыс нәтижесінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен Тұрғанбай Мұсаханов «Үздік қорғаушы» атанса, Асхат Арыстанов «Үздік ойыншы», ал Темірлан Аюпов «Үздік қақпашы», Шымкент қаласындағы зияткерлік мектептің ұстазы Тохтар Қырықбаев «Үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды.

 

 

Дартстан «Үздік мерген» номинациясын Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Балжан Алтынбекова мен Орал қаласындағы зияткерлік мектебінің мұғалімі Абзал Ақмұханов жеңіп алды.

 

-Жалпыкомандалық есепте Ақтау қаласындағы зияткерлік мектеп ұжымы спартакиада кубогын иеленсе, Орал қаласындағы Зияткерлік мектеп ұжымы екінші орынмен марапатталды. Ал Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі үшінші орынға лайықты деп танылды.

 

Сайыс соңында ұйымдастырушылар құрама команда жетекшілеріне Маңғыстау облыстық Спорт басқармасының алғыс хатын табыс етті,- деп хабарлайды осы ақжолтай жаңалықпен бөліскен Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему