Солтүстік Каспий Консорциумы Маңғыстау облысында  жаңа мәдениет үйін тұрғызды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 12:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Солтүстік Каспий Консорциумы Маңғыстау облысында жаңа мәдениет үйін тұрғызды

21 Декабря 2018 (09:20) | 1589 | Автор: Нурганым Имашева

Тәуелсіздік мерекесіне орай «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында кітапханасы бар жаңа Мәдениет үйін жергілікті өкіметке тапсыру салтанатты шарасын өткізді. Бұл нысан компанияның әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру шеңберінде салынған. Салтанатты шараға өңірдің өнер саласындағы зиялылары, жергілікті әкімдік пен «НКОК» компаниясы басшылығының өкілдері қатысты.

 

 

Бұл нысан 500 орынға есептелген және мұнда түрлі шараларға арналған, сыйымдылығы да әр түрлі көрермендер залдары, эстрадалық сахна, шеберханалар орналасқан. Сонымен бірге осы өнер шаңырағында технологиялық қамтамасыз ету жайларының біртұтас кешені, әртістерді гримдеу бөлмелері, қойма жайлары, қызметтік-әкімшілік бөлім, сонымен қатар медициналық-сауықтыру кешені қарастырылған.

 

«НКОК» компаниясы ғимараттың өзімен қатар қазандықтың, блокты-дизельді электрстансының, демалу аймағының, салтанатты іс-шараларға арналған алаңшалардың, автотұрақтың және шаруашылық аймақтың құрылысын қамтамасыз етті. Іргелес аймақты абаттандыру да ұмыт қалмады: ғимараттың айналасына жасыл желек егіліп, жолдарға, кірме жолдарға және бұрылыс алаңдарына асфальт төселеді.

 

«НКОК» компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі менеджері Руслан Әубекеров өз сөзінде:

-Компания өңіріміздегі халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар нысандар салуды жалғастыруда. Осы Мәдениет үйі ересек тұрғындардың шығармашылық қуатына серпін беріп, балғын таланттарды шабыттандыратын орталық болатынына сенімдімін, - деп атап өтті.

 

 

«НКОК» компаниясының баспасөзқызметінің хабарлауынша, «Бүгінгі таңда Солтүстік Каспий Консорциумы Атырау және Маңғыстау облыстарында 200 әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырды. «Қашаған жобасы шеңберінде жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге тікелей жұмсалған қаражат көлемі 620 миллион АҚШ долларынан асады. Әлеуметтік жобалардың бірқатары әзірлену немесе құрылыс кезеңінде және Консорциум маңызды әлеуметтік нысандарды аяқтап, жергілікті халықтың игілігіне тапсыру үшін Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерімен қоян-қолтық жұмыс істеуде. Олардың қатарында газдандыру, электрмен және сумен қамтамасыз ету, жол салу, мектептер, балабақшалар және ауруханалар салу жобалары бар».

 

Суреттерді түсірген Компанияның баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему