Сот жүйесіндегі жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндігі
15 Марта 2018 (14:56) | 2498 | Автор: Нурганым Имашева
«Сот кабинеті» Қазақстан Республикасындағы сот органдарының электронды сервисіне қол жеткізу үшін ойластырылған бірыңғай жүйе болып табылады.
Аталмыш сервистің негізгі ерекшелігі – азамат немесе оның адвокаты ретіндегі қорғаушысы, заңгері өзіне қолайлы уақытта үйінен немесе жұмыс орнынан шықпай – ақ интернет желісі арқылы өзіне қажетті сот құжатын қарап, сонымен қатар, іс жүргізу деңгейін және сот актісін басып шығара алады.
Заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот ісін жүргізуді оңайлатып, төрешілдік кедергілерді жойып, сот жүйесі қызметкерлерінің азамаматтармен байланысын азайтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді.
«Сот кабинеті» онлайн электронды құжат айналымы – азаматтар мен ұйымдардың сот органдарымен электронды өзара іс қимылының, байланысының жаңа тәсілі.
«Сот кабинеті» сервис арқылы өтініш, арыз, шағым және электронды түрдегі өтінім операциялары кедергісіз және жылдам іске асыруға мүмкіндік береді.
Әрбір азамат тәуліктің кез келген уақытында қажетті сот құжаттарымен, істің тарихымен, деректермен танысып, сот актісін басып шығара алады. Мұндай заманауи технологияны қолдану әдісі әділ сот төрелігін жүргізуге ықпал етеді.
«Сот кабинеті» электрондық сервисі азаматтардың уақтын үнемдеуге, кез-келген интернет желісі арқылы сотқа құжаттарды дер кезінде тапсыруға мүмкіндік туғызады.
«Сот кабинеті» сотқа жүгінуші тараптар үшін осыншама жеңілдіктер мен ыңғайлы жағдай туғызады.
Электронды арыз беру әдісі тараптардың ең алдымен уақтын үнемдесе, екіншіден, жол шығынында қысқартады.
Үшіншіден, сот процесінің қалай жүргізіліп жатқандығы жөнінде өз үйінде отырып-ақ хабардар болуға мүмкіндік береді.
Сотқа шақыру әдісі жеңілдеп, қазіргі таңда азаматтарға және заңды тұлғаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында соттарда SMS хабарламаны жөнелту әдісі тиімді қолданылуда.
Ақтау қаласының №2 сотының
бас маманы Фарида Оразбекова
Суреттер zakon.kz сайтынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему