Түпқарағанда кеңес талқысы
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 20:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түпқарағанда кеңес талқысы

11 Декабря 2018 (14:48) | 1322 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Кеңесі (одан әрі Кеңес) Түпқараған ауданында көшпелі отырыс өткізді. Форт-Шевченко қаласындағы «Нұр-Отан» партиясының аудандық филиалында прокуратура өкілдері, жергілікті әкім аппаратының жетекшілері, қоғам белсенділері мен бизнес қауымдастық өкілдері алдында Кеңестің жыл басынан бері атқарған қызметіне есеп берілді.

 

 

«Биылғы жылдың басынан бері Кеңестің 8 отырысы өтіп, онда түйіткілді 20 мәселе талқыланды. Мұнда қаралған мәселелердің оң шешім табуы қиындық туындаған іскердің ғана емес, сол салада еңбектеніп жүрген барлық кәсіпкерлерге игі ықпалын тигізуде»,- дейді Кеңес төрағасы Шымбай Сұлтанов.

 

Осыдан кейін аудан кәсіпкерлеріне жеке қабылдау ұйымдастырылды. Олар мемлекеттік сатып алу шараларын өткізу, газ мекемелерінің көгілдір отынға есептегіш құралдар орнату, балабақшаға жан басына шаққанда төленетін ақы сияқты мәселелері талқыланды. Кеңес мүшелері кәсіпкерлердің барлығына заң тұрғысында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

-Қазір аталмыш Кеңес құрамында 15 адам бар. Оған облыстық прокуратура, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент, табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері, заңгерлер, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері мүшелік етеді.

 

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кеңес 2017 жылдың 14 наурызында құрылды. Оның көмегімен өңірдегі кәсіпкерлердің заңды мүдделерін ұсыну, қамтамасыз ету және қорғау, туындаған өзекті мәселелердің түйінін жүйелі әрі шұғыл шешу,сондай-ақ, аймақтағы бизнестің дамуына қиындық туғызған мәселелерді қалың бұқараға жариялау сынды шаралар атқарылды.

 

Кеңестің негізгі міндеті - кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен іскерлік қызметтің еркіндігі, заңнамалар мен құқықтық қолдау тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, кәсіпкерлік салаға тараптардың негізсіз араласу деректерін болдырмау-делінген баспасөз қыметі таратқан ақпаратта.

 

Суреттерді ұсынған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему