Облыстық ІІД-де қос мерекеге арналған салтанатты жиын өтті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 03:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық ІІД-де қос мерекеге арналған салтанатты жиын өтті

7 Мая 2018 (10:34) | 2918 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің ғимараты алдындағы алаңда   «Отан қорғаушылар»  мен  «Жеңіс күніне» арналған салтанатты шара өтті»,-деп хабарлайды Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментініңбаспасөз қызметі біздің басылымға жолдаған хабарламасында.

 

Мерекелік жиынға  Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер органдарының  ардагерлері, Ауғаныстан соғысының ардагерлері, ұлттық-мәдени орталығының өкілдері қатысты.

 

Салтанат Ішкі істер департаментінің жеке құрамын сапқа тұрғызудан басталды. Жеке құрамды саппен ІІД ЖПҚ бастығы полиция полковнигі Ұ.Мылтықов команда беріп шығарды.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелініп, Қазақстанның Гимні орындалды.

 

Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Осы боздақтарға және қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлеріБұхарбаев Марат Садықұлы, Қошақбаев Абай Құламергенұлы, Исанов  Асиса Қошмұханұлы,Батырханов Қалдыбай Байрамкұлұлы, Төребай Мейржан Қалиұлы, Бисекенов Дүйсенбай,Бекенов Қайрат Әбенұлы, Тұрсынбеков Әділет Алшынбайұлының ерлігіне тағзым етілді. Департамент  бастығы полиция полковнигі Қ.Д.Таймерденовтің бастауымен шерулік топ  қызмет бабында қаза болған әріптестерімізге орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

 

 

Келесі ретте Маңғыстау облысы ішкі істер басқармасының алғашқы басшысы,  милиция генерал – майоры  Брагин Иван Никитовичтің ескерткішіне гүл  қойылып,1 минут үнсіздік орнады.

 

Алғашқы құттықтау сөзді  Маңғыстау облысының ІІД  бастығы полиция полковнигі Таймерденов Қанат Даниярұлы алды:

 

- 9 Мамырды атап өту тек дәстүр ғана емес, бұл біздің бостандығымызды қорғағандардың алдында олардың батылдығы мен ерлігіне бас иіп, шынайы ризашылығымызды  білдіру.

 

Бүгінгі таңда, әсіресе Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнінің қарсаңында біздер бейбіт өмірдің құндылығын жақсы сезінуіміз қажет деп білемін.

 

 

Әкелеріміз бен аталарымыздың қаһармандығы мен ерлік істерін еске алып, жауынгерлік күзетте Отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бейбіт өмір мен ел тыныштығын сақтайтын адал ұлдарымызды мақтан тұтамыз.

 

Әскери қызмет әрдайым қасиетті борыш, әрбір азамат үшін адалдықтың, ерлік пен жанқиярлықтың мектебі болды!

 

Бейбіт кезеңде өз өмірін Отанын қорғаудың күрделі мамандығына арнаған және бүгінгі күні еліміздің әскери күші мен қорғаныс қабілетін арттыру жолында қызмет атқаратын  барлық азаматтарымызды шын жүректен  құттықтаймыз!-деп аяқтады сөзін Деартамент басшысы.

 

Осыдан кейін Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен  қызметтік міндеттерін адал орындап, жұмыста жеткен жетістіктері үшін «Жеңіс күні» мен «Отан қорғаушылар күнін» мерекелеуге байланысты келесі қызметкерлеріміз  марапатталды:

 

  1. медалімен - полиция полковнигі Тасқымбаев Омар Құралбайұлы, Ақтау қ. ІІБ ЖПҚ бастығы;
  2. ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен:

 

- полиция майорыАндабеков Мақсат Исаұлы,Ақтау қ.ІІБ  криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары;

- полиция капитаны Абенов Ерлан Ерболатұлы, Маңғыстау облысы ІІД Арнайы даярлық басқармасы бастығының орынбасары;

- полиция капитаны Қосым Бағдат Амандықұлы, Маңғыстау ауданы ІІб ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы;

-полиция капитаны Махмутов Сакен Балтабайұлы, Бейнеу ауданы ІІб –нің аға инспекторы;

- полиция полковнигі Гумаров Кадим Хакимович, ІІД ӘПБ бастығының орынбасары.

- полиция капитаны  Утегенов Әлібек Құттығалиұлы, Карақия ауданы ІІб ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы;

-полиция аға сержанты Сарбатыров Нұрхожа Еділұлы, Ақтау қ. ІІБ  Уақытша ұстау абақтысының полицейі;

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алғыс хатымен:

- полиция капитаны Избасаров Таңатар Бақытұлы (Түпқараған ауданы ІІБ жедел уәкілі), полиция капитаны Медеминов Кенже Елдашұлы (Жаңаөзен қ.ІІБ ЖПҚ учаскелік инспекторы), полиция аға сержанты Алиев Даулет Ержанұлы, Ақтау қ. ЖПҚ жол-патрульдік полицейі.

 

  1. А.Айзаховқа (Жаңаөзен қ.ІІБ жедел уәкілі);  Б.Құдайбергеновке(ІІД ЖҚАЖ), А.Ақшатаевқа (ІІД ЖПҚ жол-патрулдік полицейі).

 

Сонымен қатар,Ішкі істер департаментінің құзырымен ІІД-нің «Құрмет грамотасын»  - 5 қызметкер (Қ.Науатов, Э.Есболаева, Т.Торланов, М.Есеналиев, М.Қалдыбаев) алса, ІІД-нің Грамотасына – 5 қызметкер (С.Пернебаев, Қ.Орынбаев, Е.Шодыров, Т.Тусупов, Ж.Жылқыбеков) ие болды. ІІД-нің «Алғыс хатымен» Н.Қален,С.Сарсембаев, Е.Санаев,А.Оразбеков, А.Амирова және А.Рахметова марапатталды.

 

Марапаттау рәсімінен соң  ішкі істер саласында ұзақ жыл  қызмет жасаған күзет қызметін бақылау бөлімшесінің бастығы полиция полковнигі  Лобян  Зограб Седракович пен Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары  полиция полковнигі Садуов Оразбай Жомартұлын салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өткізілді.

 

 

Жиын соңында құттықтау сөз алған Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жариев Нағашыбай Омарұлы ардагерлерді бүгінгі мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бірлік пен тыныштық тіледі.

 

Салтанатты шара соңында келген қонақтар мерекелік дастарханда жиналды. Мерекге жиналған қонақтар  нағыз солдат ботқасының дәмін атты. Жиын соңы концертке ұласты.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық Ішкі істер Департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему