«Батыс» өңірлік қолбасшылығында қазақ күресі мен самбодан кіл мықты балуандар анықталды
Курс валют в Актау
на 30/01/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
30 Января, 02:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында қазақ күресі мен самбодан кіл мықты балуандар анықталды

28 Января 2026 (13:03) | 245 | Автор: Редакция

Ақтау қаласында теңіз жаяу әскерлері бригадасының спорт кешенінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарайтын әскери бөлімдердің жауынгерлері арасында қазақ күресі мен самбодан чемпионат өтті.

Жарысқа теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы, барлау полктері, аумақтық қорғаныс бригадалары, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базалары және байланыс батальондарының 120-дан астам әскери қызметшісі қатысты. Турнир жеті салмақ бойынша жекпе-жек түрінде өтіп, сайыс соңында командалық есеп қорытындыланды.

Сайыс барысын «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Бегімбет Тәжібаев, Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полициясының бастығы полковник Сәкен Әуелбеков пен Маңғыстау облысының құрметті азаматы Жоламан Қошқынов бақылап отырды.

– Жарыстың басты мақсаты «Батыс» өңірлік қолбасшылығындағы үздік спортшыларды анықтау болды. Алдағы уақытта олар Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің чемпионатында өнер көрсетеді, – деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының дене даярлығы жөніндегі бастығы майор Айдын Мұхаммедияров.

Жекпе-жектердің қорытындысы бойынша қазақ күресінен командалық есепте бірінші орынды Ақтау гарнизоны теңіз жаяу әскерлері бригадасының командасы еншіледі, екінші орын Бейнеу гарнизоны барлау полкінің құрама командасына, үшінші орын Ақтөбе гарнизоны артиллериялық базасына бұйырды.

Ақтау гарнизоны теңіз жаяу әскерлері бригадасының өкілдері самбодан да ең мықты команда атанды. Күміс жүлдені Батыс Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері, қола жүлдені Атырау гарнизоны барлау полкінің самбошылары алды.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері чемпиондық белбеулермен, кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. Ақпан айының ортасында үздік спортшылар қазақ күресі мен самбодан Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде өтетін чемпионатта «Батыс» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему