Қаржы ысырапшылығымен күрес
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 09:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қаржы ысырапшылығымен күрес

11 Декабря 2018 (09:08) | 1373 | Автор: Нурганым Имашева

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті» мемлекеттік мекемесі аймақтағы қаржы саласындағы бұзушылықтарды анықтап, олар анықталған жағдайда бюджет қаражатын мемлекет қазынасына қайтару немесе көрсетілмеген қызметтерді көрсеттіріп, жасалмаған жұмыстарды жасату, жеткізілмеген тауарларды жеткіздіру немесе бюджет қаражатын қалпына келтірумен айналысады.

 

 

- Мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттерінің бірі - аймақтағы бюджет қаржысын пайдалану кезінде жіберілген бұзушылықтарды анықтап, олар анықталған жағдайда бюджет қаражатын мемлекет қазынасына қайтару немесе көрсетілмеген қызметтерді көрсеттіріп, жасалмаған жұмыстарды жасату, жеткізілмеген тауарларды жеткіздіру немесе бюджет қаражатын қалпына келтіру және де бұзушылыкты алдағы уакытта болдырмау болып табылады.

 

Әрбир бұзушылықтарды жасағаны үшін заңмен тиісті жауапкершіліктер көзделген, мысалы, әкімшілік жауапкершілік, тәртіптік және қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылған. Бір рет бұзушылық жіберген тұлға екінші рет ондай бұзушылықты жасамауы тиіс. Біздің қызметіміздің де басты мақсаты осы, түсіндіру жұмыстарын жүргізу,- деп мәлімдеді Департамент басшысы Сакен Қасымов.

 

Сакен Жұмағалиұлының айтуынша, «Бұзушылықтардың орын алу себебі - аудит объектілерінің, кейбір мемлекеттік мекемелердің басшыларының электронды қолтаңбаның жабық кілтін өздері пайдаланбай, есепшілеріне сеніп тапсыруында болып отыр. Мысалы, «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппаратында» басшысы өз электрондық қолтаңбасының кілтін есепшісіне беріп, соны пайдаланған есепші өзіне артық жалақы, сыйақы, іссапар төлемдері есебінен негізсіз қаржы жұмсап, соның нәтижесінде 11 29 000 теңге қаржы көлемінде мемлекетке шығын келтіргені анықталды».

 

 

-Егер де мекеме басшысы электрондық қолтаңбасының кілтін есепшісіне бермей, өзі қолданып, өзі қол қойып отырғанда аталған заңбұзушылықққа жол берілмеген болар еді. Өрескел бұзушылық орын алмаған болар еді. Ал бұл жерде бухгалтер өз электронды қолтаңбасының да кілті және басшысының электронды қолтаңбасының да кілті өз қолында болғандықтан, аталған бұзушылықты жасаған.

 

«Жаңаөзен білім үйлестіру орталығында» да тура осындай факт орын алды. Бұл жерде 8 159 000 теңге қаржының негізсіз жұмсалуынан бюджет қаржысына шығын келтірілгені анықталды. Бұл екі аталған бұзушылықтың орын алуы да мекеме басшыларының өздерінің электрондық қолтаңбасының жабық кілтін мекеме бухгалтеріне сеніп бере салуынан туындап отыр. Осындай фактілердің орын алуы туралы БАҚ арқылы мемлекеттік мекемелер немесе квази мемлекеттік сектордың басшыларына ескерте отырып, бұзушылықтардың осындай ойланбай жасалған әрекеттердің нәтижесінде орын алып отырғаны жайлы ескертілуі тиіс,- дейді Департамент басшысы.

 

Сакен Жұмағалиұлының мәлімдеуінше, «Осындай мекеме басшысының өздерінің электрондық қолтаңбасының жабық кілтін сеніп тапсыруы салдарынан болған бұзушылықтар үшін Әкімшіліқ-құқцқбұзушылық Кодексінің 640 бабының 5 бөлігінде әкімшіліқ жауапкершілік көзделген.

 

Жоғарыда аталған «Жаңаөзен қалалық мәсдихатының аппараты» және «Жаңаөзен білім үйлестіру орталығы» мемлекеттік мекемелерінде анықталған бұзушылықтардың аудиторлық материалдары тиісті құқыққорғау органдарына шешім қабылдау үшін жіберіліп, қылмыстық істер қозғалып, бүгінгі күні сот үкімдері шығып, заң бұзғандар тиісті жазасын алды».

 

-Біздің міндетіміз – жауапты тұлғаның өзінің электронды қолтаңбасының жабық кілтін өзге берудің қолына сеніп тапсырудың қандай бұзушылықтарға апарып соғатынын, ол үшін қандай жауапкершілік қарастырылғаны туралы түсіндіру, ескерту болып табылады,- дейді Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Қасымов.

 

Суретті түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему