«Жас батыр» спорт мектебі жылды қорытындылады
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 21:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жас батыр» спорт мектебі жылды қорытындылады

9 Декабря 2018 (09:52) | 1903 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған спорт мектебі 2018 жылды қорытындылап, бір жылда қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. «Жас батыр үздігі – 2018» деп аталған кең көлемді шарада Халықаралық, республикалық дүбірлі додаларда аймақ абыройын асқақтатқан спортшылар мен бапкерлер марапатталып, құрметке ие болды.

 

 

Салтанатты жиынға облыстағы спорттық мектептің филиалдарының өкілдері де қатысты. Жас спортшылар өз жетістіктерінің сырымен бөлісіп, жеңіске жету жолында көрсеткен қолдаулары және тәлімді тәрбиесі үшін өз бапкерлеріне алғыстарын білдірді.

 

2017 жылы республикалық деңгейде «Үздік спорт мектебі» атағын жеңіп алған Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов жиында сөйлеген сөзінде биылғы жылдың да табысты болғанын атап өтті.

 

«Жас батыр» спорт мектебінде 1000-ға тарта спортшы спорттың 6 түрімен айналысуда. Жыл ішінде 177 спортшы спорт шеберіне үміткер атанса, ал 12 төреші ұлттық дәрежедегі төреші атағын иеленіпті, 20 спортшы спорт шебері атаныпты. Сонымен қатар осы мектептің 6 белді спортшысы дзюдодан еліміздің Ұлттық құрамасының қатарында.

 

Бұдан бөлек, баскетбол құрама командасы ел Чемпионатында жүлдегер атанып, келер жылы Ұлттық Лигада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болып отыр.

 

 

-2018 жыл Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған спорт мектебі үшін толағай табыстарға, жарқын жетістіктерге толы жыл болды. Спортшыларымыз байрақты бәсекелерде аймақ намысын абыроймен қорғап, ел мақтанышына айналды. Атап айтар болсақ, киелі Маңғыстау топырағында өмірге келіп, әнұранымызды халықаралық жарыстарда әуелеткен мектебіміздің алты бірдей дзюдошысы Рамазан Мамаев, Бауыржан Нарбаев, Сұңғат Жұбатқан, Бауыржан Сағынғалиұлы, Ақниет Тұрдан, Әмірбек Жеңісов қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүр.

 

Одан бөлек самбошыларымыз, мектебіміздің мақтаныштары Нұркен Домбаев, Мұхаммед Зұлхарнаев, Нұрлыбай Серғазиев, Асхат Хапанов халықаралық деңгейдегі жарыстарда топ жарып, Маңғыстауды әлемдік жарыстарда мойындатты.

 

«Жастары белсенді елдің-ертеңі жарқын». Сондықтан да олар қоғамдағы барлық салаға атсалысып, тәуелсіздіктің тұғырлы болуы жолында аяндай еңбек етіп, бірлік пен ынтымақ жолында жұдырықтай

 

жұмыла білуі тиіс деп есептеймін. Осы қағиданы ұстанған мектебімізде бүгінгі таңда облыстың жастары дзюдо, самбо, волейбол, баскетбол, жекпе-жек сайысы, көркем гимнастикамен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізуде.

 

 

Жоғарыда атап өткен алты бөлімде 974 спортшы тәлім алады, оларға 34 жаттықтырушы-ұстаз дәріс береді. 25 жаттықтырушының жоғары, 9-ының орта-арнаулы білімі бар,-деді спорт мектебінің биылғы жылғы жетістіктері жайлы баяндаған басшы Манарбек Жұбатқанұлы.

 

Шара барысында спортшыларға демеушілік танытып жүрген облыстық мәслихаттың депутаттары, танымал кәсіпкерлер мен бірқатар мемлекеттік мекемелердің өкілдері құттықтау арнап, спортшыларға арнайы сыйлықтарын тарту етті. Солардың қатарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті самбо күресінен ҚР еңбегі сіңген бапкер Берік Жұмағалиев, дзюдо күресінен ҚР жоғары санаттағы бапкер Жомарт Қобланов және аталмыш спорт мектебінің әдіскері Асхат Хапановты Алғыс хатпен марапаттады.

 

Сонымен қатар салтанатты кеште «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі өзтәрбиеленушілерінің спорттағы әрбір жетістігін елге паш етіп, БАҚ – та дәріптеп жүрген бір топ журналистерді де марапаттады.

 

Жиында сөз алған демеушілер, балғын спортшылардың ата-аналары балаларды спортқа баулудағы «Жас батыр» спорт мектебінің орны ерекше екенін атап өтті. Келешекте де спортшыларға қолдау танытылып, көңіл бөлінетініне сенім білдірген демеушілер қауымы аймақта спорт пен дене шынықтыру, салауатты өмір салтын ұстанудың барынша қарқынды дамитынына үміт артатындарын жеткізді.

 

Суреттерді түсірген «Жас батыр» спорт мектебі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему