Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында ауруханаішілік инфекциямен күрестің жолдары түсіндірілді
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 14:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында ауруханаішілік инфекциямен күрестің жолдары түсіндірілді

8 Декабря 2018 (13:43) | 2652 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында ауруханаішілік инфекциямен күрес тақырыбында семинар ұйымдастырылып, инфекцияның таралу және оның алдын алу жолдары түсіндірілді. Аймақтың дәрігерлері мен медбикелері бас қосқан жиында эпидемиолог-дәрігер Аяулым Зейнышова, қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Арықова, дәрігер-cтатист Жансая Қаржаубаева, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Бақытжан Балғалыев баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

-Жұқпалы аурулар-зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, спирохеталардың организмге еніп, одан өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды  көбіне тек «ИНФЕКЦИЯ» деп те аталады. Олар: ішектік, жоғарғы тыныс жолдарының, қанның, сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.

 

 

 Ал, ауруханаішілік инфекция-ол науқасты госпитализациялау сәтінде айқын (манифестті) немесе жасырын (инкубациялық) кезеңінде болмаған, стационарда емделгенде пайда болатын инфекциялар. АІИ- стационардан шыққаннан кейінгі мерзімде де белгі беруі мүмкін. Аурухана қызметкерлері кәсіби қызмет көрсеткен кезде жұққан аурулар да АІИ-ға жатады.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы 1979 жылы АІИ анықтамасын ұсынды, ол ең толық түсініктеме болып табылады. АІИ - науқас ауруханага түскенде немесе емдік жәрдем алғанда және де аурухана қызметкері осы мекемеде жұмыс атқару кезінде шалдыққанда, кесел симптомдары ауруханада немесе ауруханада болғаннан кейін пайда болуына қарамастан, клиникалық белгілері бойынша анықтауға болатын кез келген жұқпалы ауру,-деді өз баяндамасында аурухананың эпидемиолог-дәрігері Аяулым Зейнышова.

 

 

Аяулым Зейнышованың айтуынша, ауруханаішілік инфекцияның таралуына таңу материалдарын, инелерді, шпирцтерді, аспаптарды, инфекциялық ерітінділерді стерилдеу ережесінің бұзылуы, стерилді заттардың ластануы, дезинфекциялық ережелердің бұзылуы (әсер етуші агент концентрациясының төмендеуі, ерітіндінің уақтылы ауыстырылмауы, өңдеудің сапасыз болуы т.б.), палатада науқастарды тығыз орналастыру, көйлек-көншек санының жетіспеушілігі, медициналық қызметкерлердің өз міндеттерін мұқият орындамауы, медицина қызметкерлері және науқастардың жеке бас гигиенасы тәртіптерін орындамауы, медицина қызметкерлерінің бактерия тасымалдаушылыққа дер кезінде тексерілмеуі, аурухана жайларын уақтылы жинастырмау, ыстық және салқын сумен түрақты қамтамасыз етпеу, антибиотиктерді ретсіз тағайындау, бір рет қолданылатын шпирцтердің болмауы әсер етеді. Сондықтан да стационарда антимикробтық режимді сақтау - барлық профилактикалық шаралардың негізі болып табылады. Оған карантин, оқшаулау, ғимарат ішін тазалық деңгейіне қарай аймақтарға бөлу, медициналық керекті заттардың тазасын және ластанғанын ажыратып отыру, жансыз заттарды стерилдеу және дезинфекциялау, бөлме ауасын желдендіру, бір рет қолданылатын шпирцтерді, қан алмастыруға, тамырға қүюға арналган жүйелерді, халаттарды, сүлгілерді, бетперделерді және кейбір саймандарды т.б. пайдалану, наукас денесіндегі микробтарды антисептиктермен жою, процедуралар санын азайту арқылы қол жеткізуге болады. Сондай-ақ, организмнің қорғаныс күшін жоғарылату (қатерлі топтарды бөлу, профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қолдануға шек кою).

 

 

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі

 

Суреттерді түсірген аурухананың баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему