Маңғыстау облыстық прокуратурасы «Жеделдетілген мерзімдегі сапалы сотқа дейінгі тергеп-тексеру» жобасын жүзеге асыруда
18 Сентября 2017 (20:08) | 2235 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық прокуратурасымен ағымдағы жылдың басынан «Жеделдетілген мерзімдегі сапалы сотқа дейінгі тергеп-тексеру» жобасы жасақталып облыс көлемінде жүзеге асырылуда.
Бұл туралы біздің басылымға хабарлаған Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі:
-Жобаның мақсаты - қылмыстық процестің заңдылығын қадағалауды үйлестіру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстық қудалау органдарынан айқын қылмыстар бойынша тез әрі сапалы тергеп-тексеру жүргізіп, тиісті шешім қабылдану және сотқа жолдануына қол жеткізу болып табылдады.
Осы жобаның жүргізілуімен қазіргі таңда 2 айдан астам мерзім тергеп-тексеру жүргізілген қылмыстық істердің саны 44%-ға және процеске қатысушы тұлғалардан түскен шағымдар 22%-ға төмендеген.
Сонымен қатар, 10 күннің ішінде 1676 қылмыстық іс аяқталып, жалпы тіркелген (2809) қылмыстың 63%-н құраған (6 айдағы жоба бойынша жүргізілген жұмыстармен). Сотқа 10 күннің ішінде 87,6% іс негізінен қарау үшін жолданған. Ақталатын негізбен тоқтатылған қылмыстық істер СДТТБТ-не тіркелген кезден бастап үш күнде шешім қабылданғаны 66,7%-ға өскен,- деп мәлімдеді.
Заңдылықтың сақталауын қадағалау органының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазіргі уақытта азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы және қылмыстық қудалау органдарының әрекетіне қатысты шағым келтіру дерегі азайып отыр. Негізсіз тергеп-тексеру және қылмыстық процеске заңсыз қатыстыру деректері орын алмаған.
Аталған жобаның жүзеге асырылуы қазіргі уақытта оң нәтиже беруде және қазіргі таңдағы қылмыстық процестің жаңару талаптарына сай келеді».
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему