Жас қызметкерлер ант қабылдады
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 13:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жас қызметкерлер ант қабылдады

15 Декабря 2018 (10:51) | 2101 | Автор: Нурганым Имашева

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Маңғыстау облысы өртсөндірушілер арасындағы 29 жас азаматтық қорғау қызметкерлері салтанатты түрде Ант қабылдады.

 

 

Салтанатты іс-шара Ақтау қаласында 14 желтоқсан күні қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілерге арналған мемориалдық кешенінде атап өтілді.

 

"Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ («ӨС және АҚЖҚ» ММ) бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Мауленов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтау сөз сөйлеп, өрт сөндірушілерге ең алдымен өртсіз күндер тіледі.

 

-Кез-келген уақытта қарапайым азаматтардың өміріне қатер төнетін оқиғалар орын алады және мұндай күтпеген жағдайларға өрт сөндірушілер әрдайым дайын болуы керек- деп атап өтті Ерлан Мауленов.

 

Сонымен қатар, ТЖ ардагерлері кеңесінің төрағасы Сәбит Мұханов та өртсөндірушілерге жылы лебізін білдірді.

 

 

Ресми құттықтаулардан кейін азаматтық қорғаудың үздік қызметкерлеріне медаль, төсбелгі және кезекті арнайы атақтар табысталып, 2018 жылдың 6-7 желтоқсанында Астана қаласында өткен "2018 жылдың Үздік өрт сөндіру бөлімі" республикалық байқау-конкурсының екінші кезеңінде бірінші орын иегері атанған Ақтау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ұжымы мен бастығы, азаматтық қорғау капитаны Демешев Бекен Балтабайұлы марапатталды.

 

-2018 жылдың ең үздік бөлімшесі атанған Маңғыстау облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ-нің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамына вымпел табыстады.

 

Сонымен қатар, мекеме басшысы Ерлан Мауленов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған «Жас тұлпар -2018» облыстық жастар премиясының байқауында «Жас көшбасшы» номанициясына ие болған Ақтау қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Мұқағали Исатаевич Ражабовты құттықтады.

 

Жас өрт сөндірушілер салтанатты түрде ант қабылдады.

 

Мерекелік іс-шара соңында өрт сөндіру күзетінің ардагерлері мен жас қызметкерлер кешен мемориалына гүл шоқтарын қойып, қаза болған әріптестерін еске алды,- жеп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему