Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің қаржыгер-мамандары марапатталды
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 05:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің қаржыгер-мамандары марапатталды

7 Декабря 2018 (09:26) | 4515 | Автор: Нурганым Имашева

Күні кеше елімізде аталып өткен мереке – ҚР тұңғыш Президенті күні қарсаңында көптеген мемлекеттік органдар мен мекемелер өздерінің қызметінде қол жеткізген жетістіктерін саралап, мерекеге орай жұмысында елеулі нәтижелерге қол жеткізген үздік қызметкерлерін марапаттады.

 

 

Осындай салтанатты жиын мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінде өткен болатын. Аталмыш шара Департамент қызметінің 2018 жылдағы 10 айдың нәтижесі қорытындылануымен қатар сыбайлас жемқорлық көрінісінің алдын алу және болдырмау мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізуге бағытталды.

 

Жиынға Департамент ұжымы және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы қатысты.

 

Мерекеге орай өткен шарада ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің басшысы Сакен Жұмағалиұлы Қасымов ұжымды ҚР-ның Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

 

 

Осыдан кейін Департаменттің мелекеттік аудит бағытындағы қызметінің 2018 жылдағы 10 айдың нәтижесі бойынша негізі туралы персоналмен жұмыс және қамтамасыз ету бөлімінің басшысы м.а. Р. Койшыбаева сөз алды.

 

«Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің» басшысы С. Койланов Департаменттің мемлекеттік аудит бағытындағы қызметінің 2018 жылдағы 10 айдың нәтижесі бойынша қорытындысы туралы баяндады.

 

-Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен (әрі қарай - Департамент), 2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, 84 аудиторлық іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 819,8 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар сондай-ақ, сомасы 7 028,8 млн.теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

 

 

2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 527,4 млн. теңге бюджетке тауарларды жеткізу, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын қалпына келтіру есебінен, есеп бойынша көрінісі және сәйкес келтіру жолымен жойылды.

 

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, Департаментпен 10 ай ішінде лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 20,2 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, оның ішінде 18,0 млн теңгесі тиісті бюджетке өндірілді.

 

Сонымен қатар, Департаментпен жүргізілген камералдық бақылау нәтижесінде 300 мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы сомасы 21,4 млрд.теңгеге бұзушылықтар анықталып хабарлама жіберілді және де бүгінгі күні бұзушылықтар қалпына келтірілді,- деп мәлімдеді бөлім басшысы.

 

 

Осыдан соң Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы Мемлекеттік қызметкерлердің имиджін көтеру және де сыбайлас жемқорлық көрінісінің алдын алу және болдырмау мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізді.

 

Сонымен қатар жиын барысында Департамент қызметкерлерінің салтанатты түрде ант беру рәсімі өткізілді. Департаменттің жетекші мамандары: Нурманов Ержан Серикбайұлы; Сарсенбаев Саят Болатұлы; Нұрланов Айса Нұрланұлы ант қабылдап, ұжым алдында мемлекеттік қызметті адал атқарып, мемлекеттің мүддесін көздеумен ел игілігін арттыру жолында аянбай тер төгуге серт берді.

 

Ары қарай шараның салтанатты бөліміне кезек берілді. ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне және елімізде айналымға енгізілгеніне 25 жыл толған «Ұлттық валюта – теңге күніне» орай, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне байланысты Департаменттің бірқатар қызметкерлері марапатталды.

 

 

Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Жаннат Ерсултановна Утегеноваға Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мінсіз еңбегі үшін «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі табысталды.

 

Департаментінің бас маман-мемлекеттік аудиторы Нұржан Жақайұлына Алғыс жарияланып, Маңғыстау облысының қаржы жүйесін нығайтуға қосқан үлестері үшін аймақ басшысы Е.Тоғжановтың Алғыс хатымен Департаменттің бөлім басшысы Нұрғазы Кемелханұлы Қияс, департаменттің бас маман-мемлекеттік аудиторы Жанибек Көбегенұлы Садыков және бас маман Асель Сайфуллаевна Хусаинова марапатталды.

 

Өңірдің қаржы жүйесін нығайту жолында еселі еңбегімен көзге түсіп, марапатқа ие болған қаржыгер мамандарды марапаттарымен құттықтаймыз және ел игілігін арттыруға арналған жауапты қызметтеріне асқақ абырой мен толағай табыстар тілейміз.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему