Полиция департаментінде Жалпыхалықтық диктант өтті
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 06:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Полиция департаментінде Жалпыхалықтық диктант өтті

14 Ноября 2018 (13:38) | 2666 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес Республика көлемінде ұйымдастырылған диктант өткізілді.

 

 

Латын әліпбиіндегі Жалпыхалықтық диктантты жазуға ішкі істер органдарының қала, аудандағы полиция қызметкерлері де белсенділікпен қатысты. Диктантты жазуды ұйымдастыру үшін Департаментте жұмыс тобы құрылып, қызметкерлермен латын графикасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

 Шараның өтетін орны белгіленіп, дыбыс шығаратын арнайы құралдар қойылды. Арнайы электронды тақтадан латыннегізді қазақ әліпбиі көрсетілді. Алдын ала диктант мәтіні бір тыңдалып жазылды.

 

 

-Диктант жазуға ішкі істер органдарының, барлығы мыңнан  астам аттестатталған жеке құрамы, мемлекеттік әкімшілік қызметшілері және еркін жалдамалы қызметкерлері ұйымшылдықпен қатысты.  

 

Басты міндеттерінің бірі – Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, қазақ тілі әліпбиін меңгеруге қызығушылықты арттыру болып табылатын бұл шара ойдағыдай өтті.

 

 

Жазу жұмысы аяқталғаннан кейін полицейлер жаңа әліпбиге деген қызығушылығы оянғанын, оның оқу мен жазуда аса қиындық келтірмейтіні туралы пікірлерін білдірді. Алдағы уақытта да тәртіп сақшыларымен латын қарпіне көшу бағытында сабақтар мен шаралар өткізу жұмыстары жалғасын табатын болады,- дейді біздің басылымға осы ақжолтай жаңалықты жолдаған Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему