Балықшылардың назарына: қауіпсіздікті сақтаңыздар!
15 Ноября 2018 (12:52) | 1614 | Автор: Нурганым Имашева
Қазіргі уақытта аудан аумағында балықшылардың теңіз айдынына шығуы байқалуда. Айта кетсек, теңіз айдындары мұндай мезгілде желдің күшінен және күн салқындығынан қауіпті болып табылады.
Теңіз айдынына шыққаннан кейін қырағылықты жоғалтпау керек, міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Біріншіден, ауа-райының күйіне қарау, өзін-өзі құтқару құралдарымен, жаға аумағынан қатты алыстамау керек. Мұндай ережелерді сақтамаудың әсерінен, суға бату немесе адам жоғалу жағдайлары орын алуда.
Жоғарыда аталған төтенше жағдайлар орын алған жағдайда 112 телефон арқылы құтқару қызметін шақырыңыз. Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарынан суда абай болуды сұрайды.
Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
Суреттерді ұсынған Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему