Сәрсенбінің сәтіндегі студенттермен кездесу
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 14:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сәрсенбінің сәтіндегі студенттермен кездесу

18 Октября 2018 (19:29) | 1852 | Автор: Нурганым Имашева

Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова «Yessenov University» студенттерімен кездесу өткізіп, табысты болудың сырымен бөлісті және өз өмір баянынан қызықты деректер келтіріп, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Шараға жоғары оқу орнының ректоры Берік Ахметовтың өзі де қатысты.

 

 

"Атриум" залында өткен кездесуде департамент басшысы Нұргүл Алмасқызы студенттерге мемлекеттік қызметтің қыр-сырын айтып, мемлекеттік қызметші атану үшін қандай сынақтардан өту керектігін түсіндірді.

 

Сонымен қатар, өмірде жинақтаған азды-көпті тәжірибесімен бөлісуге және студенттермен үнемі кездесіп тұруға дайын екендігін жеткізді. Білім алып жатқан жастарға мемлекеттік қызмет жайында кеңінен түсінік беріп, адам баласын жақсылыққа жетелемейтін жемқорлықтан аулақ жүруге шақырып, оқу ордасы туралы жылы лебізімен бөлісті және мамандық таңдауда қателеспеу керектігін айтты.

 

-Өзім таңдаған мамандық туралы айтатын болсам, еш өкінбеймін. Педагогика саласын таңдап, меңгеріп шыққан мен үшін өмірдегі үлкен мектеп болды десем артық айтпаған болар едім.

 

 

Жалпы, кез-келген адамның маман болып қалыптасуына оқу орны, әсіресе білім берген ұстаздар саған жол ашады. Сол себепті өмірдегі жеткен жетістігіңе оқу орны жетелейтінін ұмытпау керек. Сіздер үшін оқу орындарыңыз қашанда ыстық болуы керек, себебі бұл күндер қайтып келмейді және алда үлкен сынақ күтіп тұр. Әр адам өзінің өмір жолының жарқын болғандығын қалайды және соған ұмтылуы керек, - деді ол.

 

Адам өзін бағалай білмесе, өз мүмкіндіктері мен бойындағы күшке деген сенімсіздік пайда болады. Ал биікті бағындыру жолында көптеген қиындықтар мен кедергілер кездеседі. Бірақ, барлық қиындықтарға төтеп беруге болады, тек ол үшін алдымен адал болу керек. Әсіресе, бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру маңызды. Студенттерге жақсылық жасауға жандары құмар, жүректері мейірімге толы жомарт жандар ғана аңсаған арманына жетеді деген Нұргүл Алмасқызы, өркениетті еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлыққа бірлесіп соққы жасауға шақырды.

 

Мемлекеттік қызмет саласына қатысты түйткілді мәселелерді қозғап, жиылғандарға болашақ - мемлекеттік қызметте екендігін айтқан Нұргүл Алмасқызы, студенттік шақ өтеді кетеді, ал алда бағындыратын үлкен асулар тұрғанын ұмытпау қажеттігін айтты.

 

 

Ең бастысы мемлекеттік қызметке деген сұраныс қашанда жоғары болатындығына күмән келтірмеуге шақырды. Сол себепті жастар болашақтан күдер үзбей, өз күшіне сенуі қажет. Өзіңе деген сенбестік тасыңды өрге домалатпайды.

 

Сондықтан, ең алдымен өз бойыңдағы қорқыныштан арылып, ұдайы алға қадам басуға ұмтылу керек. Жаңа Қазақстанды қалыптастыратын сіздерсіздер, ел ертеңі жастардың қолында және араларыңызда болашақ әкімдер мен министрлер отыр деген департамент басшысы, білім қуған студенттерді батыл шешім қабылдаудан қорықпауға және оқуда озат болуға шақырды.

 

Студенттер мен оқытушылар әсерлі кездесуде әдемі отырыс болғанын айтып, естелікке суретке түсті. Нұргүл Жанназарованың сәрсенбінің сәтінде студенттермен өткен кездесуі жайлы әсер қалдырғандығы барлығының көз жанарынан көрініп тұрды. Кездесуден соң департамент басшысы «Yessenov University» жанындағы виртуалды зертхана және жағдаяттық орталық қызметімен танысты.

 

Виртуалды ақиқат зертханасы оқу мақсатында қолданылатын білім беру контентін әзірлеуге арналған. Виртуалды зертхана оқушыларды ынталандырады және олардың білімдерін бір жүйеге келтіреді, күрделі ұғымдар мен ғылыми құбылыстар қарапайым тілде түсіндіріледі, сонымен қатар кешен студентке өз бетінше, сондай-ақ оқытушымен бірге тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Ғылыми заңдылықтарды қарапайым және түсінікті етіп беру арқылы студенттердің ғылыми-зерттеушілік бейімдерін дамытуға арналған.

 

 

Мәселен, білім беру контенті студенттерге мұнай мұнарасында жұмыс жасауға және тұйық кеңістікте өртті сөндіру мүмкіндік береді. Дәстүрлі білім берудің әлеуетін пайдалануға бағытталған зертханада, болып жатқан оқиғаны сезінуге көмектесетін жаңа технологиялар арқылы виртуалды шындыққа ену әсерін сезінуге болады.

 

Сонымен қатар «Yessenov University» ректоры Берік Ахметов, департамент басшысы Нұргүл Алмасқызын жағдаяттық (ситуационный) орталық қызметімен таныстырды.

 

Мұнда бейнебақылау жүргізіледі және ғимаратқа кірген адам туралы ақпарат беріледі. Кез-келген жолданған ақпаратқа талдау жасалып, оның маңыздылығы және өзектілігі, шын немесе жалған тұстарын айтып береді. Орталық оқу орнындағы барлық оқытушылар мен студенттердің іс-әрекеттерін бақылап отыруға қауқарлы. Мәселен, арнайы датчиктер арқылы судың немесе газдың шығындарына мониторинг және талдау жүргізеді.

 

Бұл туралы біздің басылымға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему