Ақтау тұрғыны оңай олжа табам деп сотты болған
30 Мая 2017 (19:10) | 2043 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласы прокуратурасы ойын бизнесін ұйымдастыру – заңмен қудаланатыны туралы ескертіп, азаматтарға заң талаптарын түсіндіреді.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N219 санды «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабының 1 және 2-тармақтарында, казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.
Осы баптың 1-тармағында аталған аумақтарды қоспағанда, казино мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға тыйым салынады - деп көрсетілген.
Алайда, осы заң талаптарына қарамастан, 2016 жылдың аяғы мен 2017 жылдың басында азамат «К» Ақтау қаласы 8 ш/а көлемінде орналасқан «Данияр» дүкенінде екі дана жасыл-сары түсті ойын автоматтарын орналастырып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру арқылы оңай табыс тапқан.
Тергеп-тексеру барысында жүргізілген сараптама нәтижесімен азамат «К»-дан алынған екі дана ойын автоматтарында құмар ойын бағдарламалары бар екені анықталды.
Ақтау қалалық сотының 18.03.2017 жылғы үкімімен сотталушы «К» ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) кінәлі деп танылып, 60 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, 1 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.
-Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енді. Біздің мақсатымыз, сотталғандарды жария ету емес, керісінше, қаламыздың тұрғындарын жоғарыда аталғандай заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру заңмен қудаланатындығын ескерте отырып, осындай деректерді анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуды сұраймыз,-делінген Ақтау қаласының прокуратурасынан келіп түскен хабарламада
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему