Ақтауда күйші Роза Айдарбаеваның шығармашылығына арналған республикалық қыз-келіншектер байқауы өтеді
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 13:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда күйші Роза Айдарбаеваның шығармашылығына арналған республикалық қыз-келіншектер байқауы өтеді

17 Октября 2018 (10:13) | 3045 | Автор: Нурганым Имашева

2018 жылдың 18-19 қазан күндері Ақтау қаласында Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының бастамасымен,Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры, «Құрмет» орденінің иегері, күйші Роза Айдарбаеваның шығармашылығына арналған республикалық қыз-келіншектер байқауы өтеді.

 

 

Байқау шартының басты ерекшелігі – үміткердің жас мөлшеріне, кәсіби біліміне, мамандығына  шектеу қойылмайды.

 

Екі күнге созылатын өнер сайысына  Қарағанды, Ақтөбе, Атырау,Қызылорда,Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 23 үміткер қатысады.

 

 Роза Айдарбаеваның өзі басшылық ететін қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Кәрима Сүндетқызы Сахарбаева, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы Күлперизат Елеусізқызы Ұлтарақова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Рахат Бекболұлы Мәдіреев, мемлекеттік «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы қорының лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижеры Абылай Жанболатұлы Тілепбергенов және Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің әртісі Ғалия Ақбергенқызы Қожабергенова бар.

 

 

Байқаудың салтанатты ашылу рәсімі  18 қазан күні, сағат 10.00-де М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының залында өтеді.

 

Жеңімпаздары марапаттау салтанаты мен Гала-концерт 19 қазан күні, сол жерде өткізіледі. Басталуы: сағат 15.00-де. 

 

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облыстық филармониясы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему