Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары Елбасы Жолдауын қызу қолдады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары Елбасы Жолдауын қызу қолдады

12 Октября 2018 (13:44) | 1854 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын қолдау бойынша жиын өткізілді.

 

 

Жиынға ішкі істер органдарының басқарма, бөлім басшылары және жеке құрамы қатысты. Департамент қызметкерлеріне құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажеттігі туралы айтылған үшінші бағыты жеткізілді.

 

Жиында сөз сөйлеген ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция полковнигі И.Кирбасов жыл сайынғы Елбасы Жолдауы – елімізді жарқын болашаққа бастау іспетті екендігін айта келіп, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту қажеттігі, қызметкерлердің қайта аттестациялаудан өтуі бойынша айтылған міндеттерге ерекше тоқталды.

 

Жолдаудағы құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты негізгі жұмыстарды атап көрсетті.Тәртіп сақшыларының соңғы рет атттестациядан 2012 жылы өткізілгенін ескере отырып, алдағы уақытта осы бағыттағы шаралардың жалғасын табатынын атап өтті.

 

 

Департамент басшылығы жеке құрамды Елбасы жолдауын қолдап, еліміздің игілігі жолында бірлесе қызмет етуге шақырды.

 

Ішкі істер органдарының барлық қызметкерлері Жолдауды қызу қолдады. Бұл туралы біздің баслымға Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему