«Адал жол – Честный путь» марафоны Қарақия ауданынан  Жаңаөзен қаласына табысталды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 15:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Адал жол – Честный путь» марафоны Қарақия ауданынан Жаңаөзен қаласына табысталды

4 Сентября 2018 (17:06) | 2950 | Автор: Нурганым Имашева

Айта кету керек, «Адал жол» марафоны сәуір айында Ақтау қаласынан бастау алған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара осыған дейін Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандарында болып, енді міне Жаңаөзен шаһарына табысталды.

 

 

Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында өткен шара кезінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Байгебаев және Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Ержан Кұмісқали сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

 

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру баршамызға ортақ парыз. Марафон жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Барлық аудандар барын салуда.

 

 

Енді алда Мұнайлы ауданы күтіп тұр. «Адал жол» кітабына өздеріңіздің ұсыныстарыңыз немесе тілектеріңізді қалдыра аласыздар.

 

Мұның тәрбиелік мәні зор, әсіресе жастар үшін. Баршаңызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға шақырамыз. Ең маңыздысы - оның салдарымен емес, себебімен күресу қажеттігін еске саламыз, - деді Қайрат Байгебаев.

 

Марафон Жаңаөзен қаласына табысталған соң, ерікті жастар би билеп, іс-шара аудан өнерпаздарының ән шашуына жалғасты.

 

 

ҚР Конституциясы күнімен тұспа тұс келген марафонға халық көп жиналды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері, кәсіпорын басшылары, аға буын, белсенді жастар мен студенттер және аудан тұрғындары бар.

 

 

Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Байбузов, эстафета туын және өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы мәліметтер мен тілектер жазылған кітапты салтанатты түрде қабылдап алды.

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған марафон аясында түрлі шаралар енді Жаңаөзен қаласында өткізілмек, атап айтқанда спорттық сайыстар, автошеру, дөңгелек үстелдер, конференция, пікірталас алаңдарын ұйымдастыру, лекция және т.б.

 

 

Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ мемлекеттік қызметшілерді және құқық қорғау органдарының өкілдерін алғыс хатпен марапаттап, көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарын табыстады.

 

Айта кету керек, «Адал жол – Честный путь» акциясы еліміз бойынша барлық өңірлерде өтіп жатыр. Шара желтоқсан айында қорытындыланады деп жоспарланған.

 

 

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен келіп түскен хабараламада мәлімденген.

 

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему