Ішкі істер департаментінде Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті
29 Августа 2018 (20:02) | 3981 | Автор: Нурганым Имашева
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында ағымдағы жылғы 30 тамызда Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде басшы және жеке құрамның, ішкі істер органдары ардагерлерінің қатысуымен мерекелік шара болып өтті.
Одан кейін ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың арнайы құттықтау жеделхаты оқылды.
Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Қанат Даниярұлы Таймерденов мерекелік шараны ашып, жиналғандарды мерекемен құттықтап, «Конституция күні» мерекесінің полиция қызметкерлері үшін ерекше маңыздылығын атап өтті.
Департамент басшысы өз баяндамасында:
-Конституция - тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. Біздің ортақ міндетіміз - Басты Заңға мұқият қарау, оны құрметтеу, Отанымызды, біздің тарихымызды құрметтеу болып табылады,- деді.
Сөз соңында басшы барлық жеке құрам мен ардагерлерді Конституция күнімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, еңбектері мен қызметіне табыс, бейбітшілік, отбастарына амандық тіледі.
Конституция күніне орай ерекшеленген қызметкерлерді марапаттау шарасы басталды.
Бұдан кейін, шара барысында Ішкі істер министрлігінің және облыстың Ішкі істер департаменті бастығының мерекелік марапаттау жайлы бұйрығы жеке құрамға таныстырылып, қызметте кәсіби біліктілігінің арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген, қызметтік міндетін мінсіз әрі адал орындаған ішкі істер органдарының 18 қызметкері Ішкі істер министрінің құзырымен, 100-ден астам қызметкері департамент бастығының құзырымен марапатталды.
Атап айтқанда, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Жаңаөзен қ.ІІБ-ның бастығының орынбасары Кирбасов Ильяс Аскарұлы, І дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен Түпқараған ауданы ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары Ешманов Нуртас Нысанұлы, Маңғыстау облысы ІІД Арнайы даярлық басқармасының инспекторы Орынбаев Қуандык Тынымбайұлы, ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен Маңғыстау облысы ІІД ЖПҚ ЖПП ротасының командирі С.Қуанткан, криминалдық полицияның жедел уәкілі А.Жолмагамбетов, КПБ бөлім бастығы Е.Аманжол, ІІД ЖПҚ бөлімше бастығы А.Данилова, ІІД криминалистика бөлімінің аға криминалисті Д.Водовской, Мұнайлы ауданының ІІб-нің аға тергеушісі А.Жолдыбаев, ІІД айдауыл қызметінің взвод командирі Х.Оразкулов, Маңғыстау ауданы ЖПҚ учаскелік инспекторы К.Алдашов, ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі А.Тулебаев;
«ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен» ІІД ААО бастығы В.Вагайлюк, «ҚР ІІМ-нің Грамотасымен» ІІД жеке құрам бойынша инспекция бөлімшесінің бастығы К.Нсанбаев, «Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алғыс хатымен ІІД ЭҚКБ бастығының орынбасары Б. Султанов, ІІД ғимаратын күзету бөлімшесінің полицейі А.Жаксыгелдиев марапатталды.
ІІД ҰҚКБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Д.Карамановаға, ІІД ӘПБ технигі Т.Уринбаевқа «Алғыс» жарияланды.
Сонымен қатар, 100–ден астам тәртіп сақшысы Маңғыстау облысы ІІД бастығының құзырымен түрлі марапаттаулармен, атап айтқанда, 7 қызметкер ІІД «Құрмет грамотасымен», 10 қызметкер ІІД «Грамотасымен», 12 қызметкер «Алғыс хатпен көтермеленсе, 29-на «Алғыс» жарияланды.
Маңғыстау облысының Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему