Мұнайшылармен өткен маңызды кездесу
25 Ноября 2019 (16:27) | 1592 | Автор: Нурганым Имашева
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманының қатысуымен «Маңғыстаумұнайгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кызметкерлерімен кездесу өтті.
Департаменттің бас маманы Шыртанова Жанна өз баяндамасында Агенттік пен Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолында «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында, Арнайы мониторингтік тобы мүшелерімен жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижесін атай отырып, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша статистикалық мәліметтермен таныстырды.
Сонымен қатар шараға Ақтау қалалық Бекет-Ата мешітінің наиб имамы Қобыланов Іздібай сыбайлас жемқорлық салдарының қоғамға тигізер зияны туралы айта өтіп, тек қана зайырлы заңдар емес, сонымен бірге қасиетті Құран аяттары мен Мұхаммед Пайғамбардың сүннетімен де аса қатал түрде айыпталатыны жеткізілді.
Кездесу нәтижесімен қатысушыларға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажеттігі, бұл - заман талабы екендігі, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы белсенді шаралар кешені арқылы ғана жүзеге асырылатыны айтылды.
Фотоны ұсынған баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему