Ақтаулық тәртіп сақшылары «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
27 Августа 2018 (12:00) | 1712 | Автор: Нурганым Имашева
Бүгінде жаңа оқу жылының басталар қарсаңында елімізде аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бастау алып, түрлі мекемелер оған атсалысуының нәтижесінде көптеген көмекке зәру жандар қайырымдылықтың шапағатына бөленуде.
Ақтау қаласы ІІБ-ның қызметкерлері де осындай ізгілік шарасынан қалыс қалмады. Тәртіп сақшылары «Менің таңдауым – балаларға көмек!» ұранымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады.
Аталған акцияның әлеуметтік және қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, Ақтау қаласы ІІБ-ның қызметкерлерінің және ерікті жалдамалы қызметкерлері тарапынан көмекке мұқтаж аз қамтылған және көп балалы отбасылар, анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетілді.
Акция аясында басқарманың бастығы полиция полковнигі А.Халмұрадов Ақтау қалалық ішкі істер басқармасы атынан балаларға өзінің аталық жүрек жарды тілектерін айтып, оқуда сәттілік тілеп, алдағы уақытта да осындай мұқтаж балаларды есепке алып, үнемі көмектесіп отыруға дайын екендіктерін айтып, балаларға арнайы дайындалған оқуға қажетті сөмкеге салынған оқу құралдарын және киім – кешек дүкенінен сатып алынған мектеп формаларын, спорттық киімдерді, аяқ-киімдерді табыстады.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему