Ірі көлемдегі бекіре балығымен ұсталды
18 Марта 2017 (21:35) | 1901 | Автор: Нурганым Имашева
15.03.2017 жылы сағат 04:30 шамасында Ақтау қаласы, Ақтау-Ақшұқыр тас жолында Маңғыстау облысы ІІД ЖПҚ ЖППР қызметкерлері мен Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметі ТҚПб-нің қызметкерлері бірлесіп қызмет атқару барысында 1988 жылы туылған азаматтың басқаруындағы «Хюндай Акцент» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүксалғышынан 57 дана және автокөліктің ішінен 30 дана, барлық салмағы 233,7 килограмм болатын 87 дана бекіре тұқымдас балықтары табылды.
-Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему