Маңғыстаудан жұмыс күші тапшы өңірлерге көшудің мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстары басталды
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 07:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаудан жұмыс күші тапшы өңірлерге көшудің мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстары басталды

26 Июня 2018 (09:50) | 2234 | Автор: Нурганым Имашева

25 маусым күні Ақтаудағы «Жастар үйінде» Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан өлкемізге арнайы ат арытып келген 12 азаматтың қатысуымен, жұмыс күші тапшы аймақтарға көшудің мүмкіндіктері, бұл тұрғыда мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер мен жеңілдіктер, төлемақылар, қандай мамандық иелеріне сұраныс артып отырғаны туралы толыққанды мәліметтер ұсынып, кеңес беруге арналған «Бос орындар жәрмеңкесі» аталған шара өтті.

 

 

Аталмыш жиынды ұйымдастырған Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

 

Басқарма басшысының орынбасары Аманғали Нұрдәулетовтың мәлімдеуінше, бұл шара тағы бір рет түстен кейін қала тұрғындары көп шоғырланатын «Олжа» сауда орталығында өтеді. Ал 26-маусым күні Мұнайлы ауданында ұйымдастырылса, 27-28 маусым күндері кездесу – Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу ауданында өтеді. Осы 4 аймақта біздің өңірдің тұрғындары арасынан аталған бағдарлама бойынша көшуге көбірек қызығушылық танытылып отыр.

 

 

-Басқа аудандардан ақпарат алам деген тұрғындар келуіне болады, сұрақтары болса. Қазіргі таңда Маңғыстау халқы бұл ерікті қоныс аудару бағдарламасын жақсы қабылдап жатыр.

 

Жыл басынан бері бұл бағдарламамен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына қоныс аударуға 161 отбасы ниет білдірді. 20 жанұя көшуге дайындалып жатыр. Осы бағдарламамен бүгінгі таңда облысымыздан 9 отбасы көшіп кетті, олар 32 адам.

 

Өзім сол аймақтарға көшкен отбасыларымен жүздесіп қайттым, олардың жағдайлары жақсы. Енді маңғыстаулықтарға айтарым – мемлекет тарапынан ұсынылып отырған осынау мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Өзіңізі қалаған аталған облыстардың кез-келгеніне көшуге болады.

 

Әрбір отбасыға қаржылай және үй жалдауға қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, мал шаруашылығымен немесе егін шаруашылығымен айналысам деген азаматтарға мемлекет тарапынан үлкен мүмкіншіліктер қарастырылған.

 

Маңғыстау азаматтарын осы мемлекеттік бағдарламаға қатысып, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосуға шақырамын,- деді Аманғали Сүлейменұлы.

 

 

Павлодар облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» «Көші-қон бөлімінің» басшысы Есенбаева Меруерт Сейітбекқызы: «Біздің Маңғыстау облысына келудегі мақсатымыз – нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының үшінші бағыты –«Еңбек ресурстарының қорын арттыру» бойынша Батыстан жұмыс күшін Солтүстіктегі бар бос жұмыс орындарына тарту, бағыттау үшін халық арасында ақпарат беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін келіп отырмыз»,- деп атап өтті.

 

-Павлодар облысы Үкіметтің Қаулысына сәйкес, еңбек күші тапшы облыстың бірі болып айқындалды. Павлодар облысы бойынша 760 мыңға жуық халық саны бар. Бұл көп те мемес, аз да емес, орташа есеппен алғанда орташа облыс болып саналады. Біздің облыс еліміздегі ірі өндіріс аймақтарының бірі. Онда үлкен кәсіпорындар бар. Алайда аймақта жұмыс күші тапшы.

 

Павлодар облысында он аудан, үш қала бар, игерілмей жатқан  ауылшаруашылық жерлері бар. Көшіп келетін отбасында ең кемінде бір мамандық иесі болуы шарт. Биылғы жылдың екінші жартысынан бастап, Заңға өзгерістер енгізілуіне сай, енді жалғызбастыларды да көшіру ұйғарылып отыр.

 

Еңбек ресурстарына қажеттілік жоғары өңірлерге ерікті қоныс аудару жөніндегі бағдарлама қатысушыларына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Яғни, көшу шығындарын өтеуге арналған бір реттік материалдық көмек 35 АЕК көлеміндегі, 85 000 теңге қаржылай көмек, ал екіншісі -12 ай бойы төленетін үй жалдап тұруға берілетін қаржылай көмек, ал үшінші көмек – мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру, ал отбасындағы-мамандығы болмағандарды оқыту, қайта даярлау арқылы орта білім, яғни кәсіби-техникалық мамандық беру.

 

 Егіншілікпен айналысам дегендерге –жер телімдерін береміз, ал үй салам, кәсіппен айналысам деушілерге жер мәселесін шешіп беріп отырмыз. Шағын несие де беріледі, одан басқа балабақша, денсаулықсақтау мекемелерімен де қамтамасыз етеміз,- деп түсіндірді Меруерт Сейітбекқызы.

 

 

Бөлім басшысының айтуынша, осы бағдарлама бойынша былтыр Павлодар облысына 69 отбасы көшіп келген. Оның ішінде 3 отбасы Маңғыстаудан көшіп барған. Жыл басынан бері барлық аймақтардан 102 отбасы көшіп барған. Басым көпшілігі ауылдық жерлерге көшкен. Жалпы, қалаға немесе ауылға көшу деген шектеу жоқ. Қандай мамандық иелеріне сұраныс бар десек, олар – агрономдар, механизаторлар, мұғалімдер, дәнекерлеушілер, жүргізушілер, дәрігерлер, тәрбиешілер, психологтар, мал дәрігерлері, зоотехниктер және т.б.

 

Түсіндіру жұмыстары жалғаса түсуде. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына» хабарласу арқылы ерікті көшу бағдарламасы ұсынатын мүмкіндіктер туралы толыққанды ақпарат алуға болады.

 

Мекен-жайы:

Ақтау қаласы 24 шағынаудан 7 ғимарат

Байланыс телефондары:

тел. 60-52-53; факс 60-52-59

Эл. пошта: Ukzsp@mangystau.gov.kz

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему