Студенттерге сот ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Студенттерге сот ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды

24 Июня 2018 (14:59) | 1894 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті арасындағы Меморандумды іске асыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында  облыстық сотта «Құқықтану» кафедрасыныңстуденттеріне экскурция ұйымдастырылып, сот ғимараты мен ішкі жұмыстар таныстырылды.

 

 

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.Бақытжанова және аталған оқу орнының студенттері қатысты.

 

Экскурция барысында Г.Бақытжанова Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында «Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты» екендігін айтқанын тілге тиек етіп, соттардағы цифрландыру жұмыстарына назар аударып, инновациялық технологиялардың маңызына тоқталды.

 

 

 Оның ішінде соттардағы «Сот кабинеті» сервисі, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, сот процесіне SMS арқылы шақырту, сот отырыстарындағы skype және бейнеконференцбайланыс құрылғыларының қызметі туралы кеңірек айтып өтті.

 

Студенттер жедел ақпарат алмасудың озық технологиясының арқасында соттар қағазбастылықтан құтылып, бұқараның басым бөлігі сот төрелігіне үйде отырып-ақ қол жеткізіп отырғандығын көзбен көрді.

 

Экскурцияда студенттерге дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен жабдықталған  сот залдары, медиация кабинеті, жиналыс залы, оқу орталығы көрсетілді. Сондай-ақ, олар құжаттамалық бөлім жұмысымен танысып, мұрағат, оқу орталығы және кодификация кабинеттерін аралады.

 

 

Экскурсия барысында студенттер түрлі сұрақтар қойып, сот жұмысына, сот реформасындағы цифрлы технологияларға, судья лауазымына қызығушылықтарын танытты.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему