Қарақия ауданының өртсөндіруші-құтқарушылары өткен жылғы төтенше жағдайларды саралады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 11:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қарақия ауданының өртсөндіруші-құтқарушылары өткен жылғы төтенше жағдайларды саралады

18 Января 2019 (13:54) | 1657 | Автор: Нурганым Имашева

Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, қаңтардың 16-сы күні Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №2, №11 өрт сөндіру бөлімінің және Құрық ауылының Жедел құтқару жасағы қызметтерінің 2018 жылдың қорытындылары бойынша Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник М.Х.Мұханбетовтың төрағалығымен жиын өтті.

 

 

Басқосу барысында өткен жылдың елеулі мәселелері талқыға түсіп, ТЖ алдын-алу мен олардың салдарынан орын алатын адам қазасын болдырмау сынды мәселелер көтерілді.

 

Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Елшібаев әрі қарай №2, №11 Өрт сөндіру бөлімі және Құрық ауылының Жедел құтқару жасағының басшылары 2018 жылғы атқарылған жұмысының қорытындысы және негізгі міндеттер туралы баяндамаларымен сөз сөйледі. Баяндамашылар азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын-алу, жергілікті атқару органдарымен өзара әрекеттістігі және болып жатқан өрттер жайында мәселелер қозғады.

 

-Жиынды қорытындылай келе полковник М.Х.Мұханбетов Төтенше жағдайлар бөлімінің, №2, №11 өрт сөндіру бөлімдерінің және Құрық ауылының Жедел құтқару жасағының атқарылған жұмыстарына оң бағасын беріп, ағымдағы жылға құрылымдардың қызметін жетілдіру бойынша міндеттер қойды.

 

Сонымен қатар ТЖ фактілеріне дереу әрекет ету, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді басты назарда ұстау қажеттігін атап өтті.

 

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары тарапынан барлық бағыттағы қызметті дамыту жөнінде тапсырмалар берілді,- деп хабарлайды біздің басылымға Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.

 

Суреттерді түсірген Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему