Сот төрелігінің жүзеге асырылуы
12 Октября 2016 (15:36) | 2257 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы Өңірлік комуникациялар қызметінде аталмыш тақырыпта баспасөз мәслихаты өтті. Журналистердің сұрақтарына Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов, облыстық соттың судьялары Нұртуған Тұржанов, Айжан Молбаева жауап берді.
Маңғыстау облысының аудандық және оған теңестірілген соттарымен 2016 жылдың 9 айында барлығы 1402 тұлғаға қатысты 1199 қылмыстық іс қаралып аяқталған (оның 11 - і кәмелетке толмағандарға қатысты), оның ішінде:
- онша ауыр емес қылмыстар 189 тұлғаға қатысты - 180 іс,
- ауырлығы орташа қылмыстар 307 тұлғаға қатысты - 250 іс,
- ауыр қылмыстар 347 тұлғаға қатысты - 250 іс,
- аса ауыр қылмыстар 58 тұлғаға қатысты - 37 іс қаралған.
Қылмыстық істер бойынша үкіммен аяқталғаны - 901 (оның ішінде кәмелетке толмағандар - 11, әйелдерге қатысты - 114).
- Судьялардың 6-сьезінде 21-ғасырдағы ұлттық дамудың маңызы, сот төрелігін тиімді жүзеге асыру тетіктері мәелесі көтерілді. Елбасы еліміздегі сот жүйесін жетілдіру бағытында алдағы уақытта атқарылатын бірқатар міндеттерді айқындап берді. Оның ішінде 2015 жылы мамыр айында Елбасы ұсынған «Ұлт Жоспары – бес институтционалды реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» стратегиялық құжаты сотқа берілген тапсырмалар орындалысын нығайта түскені анық.
«Сабақты ине сәтімен» демекші, осы уақыт аралығында бес сатылы сот жүйесін үш сатылы сот жүйесіне алмастырдық. Халықтың уақыты мен қаражатын үнемдеу мүмкін болды. Судьялардың еңбек жүктемесі азайды. Бұрын аудандық сот шешіміне риза болмаған халық облыстық сотта екі рет, яғни аппеляциялық, кассациялық шағым беретін.
Істің бір сотта орналасқан аппеляциялық және кассациялық сатыда қаралуы сот процесінің уақытын ұзартып, бірнеше күн емес бірнеше айлар халықты әуреге салып, тараптар соттың шешімін күтіп шаршайтындығы шындық еді. Әсіресе бұл қаладан тысқары жатқан ауыл-аймақ тұрғыны үшін өте тиімсіз болатын.
Бүгінде аппеляциялық саты облыстық сотта, ал кассация Жоғары сотта орналасқан. Бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшуіміз сот саласындағы басты жетістігіміз. Сондай-ақ соттар қызметінің заңнамалық және іс жүргізу нормалары жүйелі түрде жетілдірілді. Заман талабына сай жаңа Азаматтық процестік кодекс, Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер қабылданды.
Азаматтық істерді қарау тәртібі процестің тараптары үшін ыңғайлы және тез, оларды бітістіруге және заманауи технологияларды кең қолдануға бағытталған. Жаңа Азаматтық процесстік кодекс тараптарды татуластыруға ерекше мән беріп, істерді бітімгершілікпен аяқтауға аса назар аударады. Аталған Кодекстердің дер кезінде қабылдануы және жүзеге асуы сот төрелігінің сапасы мен жеделдігін арттыруға зор үлес қосуда,-деп атап өттіі Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов.
2016 жылдың 9 айында соттармен қысқартылған қылмыстық істер саны 220 болған. Оның ішінде жәбірленушімен татуласуына байланысты 183, ҚР Қылмыстық процестік Кодексінің 35 бабымен 26 іс және басқа да негіздермен 11 іс қысқартылған. Ал, медиация тәртібімен 80 іс қаралған. Былтырғы жылмен салыстырғанда соттармен мемлекеттік тілде істерді қарау сапасы артқан.
Биылғы жылдың 9 айында барлық қаралған 1199 қылмыстық істің 984 ісі мемлекеттік тілде қаралған, яғни 82,1% құрайды.
- Бірінші сатыдағы істер қаралған кезде арыз-шағым қандай тілде берілсе, сол іс жүргізу тілі ретінде белгіленеді. Кей жағдайларда орыс тілді заңгерлер мен қорғаушылар көмегіне жүгінгендіктен сот құжаттары ресми тілде ресімделіп жатады. Сол себепті іс барысында бірін-бірі түсінбей жатады. Бірақ біз алдын-ала тараптардан істі қай тілде жүргізілуін қалайтындарын сұраймыз. Арыздары негізінде іс жүргізу тілін өзгерту ұйғарымын шығарамыз. Кей жағдайда бір тарап қазақ, ал екінші тарап ресми тілде іс жүргізуді талап етеді. Бұл жағдайда штат бойынша аудармашы қызметіне жүгінеміз. Іс құжаттарының барлығы екінші тұлғаға ресми тілде аударылып беріледі,-дейді Маңғыстау облыстық сотының аппеляциялық сот алқасының азаматтық істер жөніндегі судьясы Айжан Молбаева.
2016 жылдың 9 айында 1199 қаралған қылмыстық істің 1182 бейне дыбыс құрылғыларын қолдану арқылы қаралған.
Маңғыстау облысының аудандық және оған теңестірілген соттармен 2016 жылы 9 айында қаралған азаматтық істер саны – 14 437, оның ішінде шешімі шыққан – 7187 (оның 278-і сырттай шешім), мемлекеттік тілде қаралғаны – 11113, неке бұзумен қаралған – 1486 іс, медиация тәртібімен – 384 іс,бітімгершілікпен – 144 іс аяқталған.
Бейне-дыбыс жазбамен 4073 азаматтық іс қаралып, оның ішінде бейне жазбамен – 2033 азаматтық іс, дыбыс жазбамен – 2040 іс қаралыпты. 2016 жылдың 9 айында 12080 әкімшілік іс қаралған. Оның 11833 іс мемлекеттік тілде,медиация тәртібімен – 127 іс, бейне-дыбыс жазбамен 9318 іс қаралған.
Баспасөз мәслихатында «Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысы, олардың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтына, облыстық соттың веб-сайтына материалдар, сондай-ақ республикалық және жергілікті газеттерге мақалалар мен хабарламалар жариялауларынан, теледидар мен радиода сұхбат берумен және БАҚ өкілдерінің соттар жөнінде жазған жарияланымдарынан көрінетіні белгілі.
Осыларды ескерген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өңірлік соттардың жұмысын бағалаудың жүйесін бекітті. Жоспарлы көрсеткіш ұғымы енгізілді. Солардың арасында Жоғарғы Соттың және облыстық соттың веб-сайттарындағы баспасөз хабарламаларының саны, республикалық және жергілікті БАҚ-тағы материалдар саны секілді көрсеткіштер бар. Бұған қоса жергілікті соттар қызметін бағалау барысында судьялар мен кеңсе қызметкерлері әзірлеген сот қызметі туралы авторлық материалдар да есепке алынады. Сонымен қатар бағалау кезінде соттардың БАҚ-тағы сыни материалдарға ден қоюы шараларының жеделдігі мен сапасы да ескеріледі.
Маңғыстау облыстық сотының жүргізген жүйелі жұмысының нәтижесінде 2016 жылдың 9 айында республикалық және жергілікті БАҚ-та соттардың 1991 материалы жарияланған. Бұл көрсеткіш 2015 жыл 1710 болған. Яғни 281 ақпаратқа артып отыр», -деп атап өтілді.
Облыстық сот төрағасы Ж.Аланов: «Қазан айына жоспарланған Судьялар Одағының 7-сьезі белгілі бір мәселелерге байланысты қараша айына шегерілген. Сьездегі басты мақсат – судьялардың жаңа «Әдеп кодексін» қабылдау, қазылардың есеп беру тәртібін күшейту, -деп мәлімдеді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему