Ақтауда «Жыл оқушысы-2018» анықталды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 15:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Жыл оқушысы-2018» анықталды

25 Мая 2018 (12:28) | 2877 | Автор: Нурганым Имашева

Мамырдың 25-і күні Ақтаудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің соңғы қоңырау мерекесінде жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен оқушылар «Жыл оқушысы» статуеткасымен марапатталды. «Жыл корреспонденті», «Жыл белсендісі», «Жыл таланты», «Жыл спортшысы», «Жыл жетістігі», «Жас ғалым», «Жыл қолөнер шебері», «Жыл оқушысы» номинациялары бойынша өткен байқау жеңімпаздарын Маңғыстау облысының белді тұлғалары марапаттады.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға Ақтаудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Дәстүрлі соңғы қоңырау салтанатты шарасына мектеп оқушылары мен ұжымымен бірге облысымызда елеулі еңбек етіп жүрген танымал, белді тұлғалар қатысты.

 

Биыл зияткерлік мектепті 577 оқушы аяқтап отыр. Оның 58-і 11-сыныпты аяқтады. Келесі жылы олар түлек атанады. Оқу жылы зияткерлік мектеп оқушылары үшін  табысты болды. Оған балалардың републикалық және халықаралық жарыстардағы жеңістері дәлел, - деді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Роман Байгазиев.

 

Салтанатты шара республикалық және халықаралық байқауларда жеңімпаз атанған, еңбектерімен көзге түскен белсенді оқушылар және олардың жетекшілерінің парадымен басталып, «Озаттар шеруімен»  жалғасты. Кейін мектеп директоры Ермек Пайзов сөз алып, соңғы қоңырау салтанатымен құттықтап, 2017-2018 оқу жылындағы мектеп жетістіктерін атап өтті.

 

 

Содан соң «Жыл оқушысы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау комиссиясының шешімімен «Жыл белсендісі» номинациясына 9-сынып оқушысы, түрлі бастамалардың жетекшісі Дана Есбергенова лайық деп танылды. Оған жүлдені «Раймгрупп» жеке шаруашылық серіктестігінің директоры Самат Махмутов табыстады.

 

Ал «Жыл таланты» номинациясын жеңіп алған Дана Заркумға Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры директорының орынбасары Тілеу Тоқтамұрат статуетка табыстап, сәттілік тіледі. 

 

 «Маңғыстау арена» спорт кешенінің директоры Мұналбаев «Жыл спортшысы» номинациясымен облыстық спорт байқауларының жеңімпазы Томирис Жұмағалиеваны марапаттады.

 

«Жыл жетістігі» номинациясы оқу жылында жаңа жаңалықтар ашып, айтарықтай жетістікке жеткен оқушыға табысталады. Бұл марапатқа 11-сынып оқушысы, түрлі республикалық және халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы Нұрдаулет Төребай ие болды.

 

Айта кету керек, сәуір айында Нұрдаулет сыныптасы Айдана Бисенмен бірге бүкілресейлік ғылыми жобалар байқауынан бас жүлдеге ие болды. Нұрдаулет Төребайға марапатты химия ғылымдарының  кандидаты Ерсайын Диханов ұсынды.

 

  Оқу жылындағы «Жас ғалым» атағы 9-сынып оқушысы Эльмира Бекеске берілді. Ол Батыс Қазақстандағы киіктердің популяциясын арттыру үшін бірнеше шешімдер ұсынған болатын. Сонымен қатар, ол Қаракөлдегі құстар санағына елсенді қатысып, облыста алғаш рет оқушылар арасында экология тақырыбында өткен «ЭкоЛидер» байқауының белсенді ұйымдастырушыларының бірі. Жеңімпазға марапатты Yessenov University «Педагогика» факультетінің деканы, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Бибатпа Көшімова табыстады.

 

 

Он саусағынан өнер тамған оқушылардың ішінен үздігін анықтайтын «Жыл қолөнер шебері» номинациясын жеңіп алған Нұрдаулет Дүйсеновты Ақтаудағы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Катира Боранбаева марапаттады. Нұрдаулет «Қыш-құмыра», сурет үйірмелеріне белсенді түрде қатысатындығын атап өткен жөн.

 

Ал «Жыл корреспонденті» номинациясын табыстауға «Маңғыстау» облыстық телеарнасының директоры Ануар Бимағанбет арнайы келіп, 9-сынып оқушысы Аймұрат Жеткізгеновты марапаттады. Аймұрат зияткерлік мектептің қоғамдық өміріне қатысты шараларды фото, бейнеге түсірумен, арнайы репортаж дайындаумен, монтаж жасаумен айналысады. Биыл Ақтауда өткен «Қазақстан балалары шексіз әлемде» облыстық байқауының «Stop-Motion» номинациясының ІІІ-орын иегері. Бірнеше авторлық жобалардың жетекшісі.

 

Ақтаудағы Зияткерлік мектептің  «Жыл оқушысы» атағын 11-сынып оқушысы, ғылыми жобалар жеңімпазы Айдана Бисен жеңіп алды. Айданаға номинацияны Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Бекмұрат Жусупов сыйлап, әлі де биік белестерді бағындыруын тіледі.   

 

Сондай-ақ, жиын барысында Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Астана» шаңырағының оқушылары «Туған елге тағзым-2018» ғылыми-зерттеушілік экспедициясына қатысатыны белгілі болды. Олар он күн  бойы Алатау бөктеріндегі Алматы қаласының тарихи, табиғи ерекшеліктерімен  танысатын болады.

 

Соңғы қоңырауды соғу құрметіне Х республикалық Президенттік олимпиадасының жеңімпазы Жәңгір Махмудов пен  республикалық «Әбіш оқулары» байқауының жүлдегері Фарида Оспанова ие болды.

 

Суреттерді түсірген Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему