Он үш жасар бала төрт бауырын өрттен аман алып қалды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Он үш жасар бала төрт бауырын өрттен аман алып қалды

18 Мая 2018 (09:27) | 3267 | Автор: Нурганым Имашева

Оқыс оқиға Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының «Сайын Шапағатов» ауылында орын алды. Бес балалы Булатовтар отбасы жеті бөлмелі үйде тұратын. 

 

 

2018 жылдың 26 сәуірі күні ата-анасы ұлдарының ең үлкені 13 жасар Әмірхан Дарханға өзінен кіші төрт іні-қарындастарына бас-көз болуды тапсырып, кешке жұмыстарына кетеді. Әкелері Бақытжанның жұмыстағы көлігі жүрмей қалып, ал балалардың анасы Әсем жекеменшік балабақшадағы жұмысына кешкі ауысымға кеткен. Перзенттерінің тұңғышы - Ғұбайдулла Айдаров атындағы орта мектептің 7 сыныбында оқып жүрген Дарханға өзінен кіші 4 бауырына қарауды тапсырған.

 

Ауыл балаларымен ойнап, кешкісін үйіне қайтқан Дархан іні-қарындастарын ұйықтатып, өзі олардың қасына жата кеткенмен, сол түні көпке дейін мазасызданып ұйықтай алмағанын есіне алады.

 

 

-Сол кеште мен біртүрлі көңілім қобалжып, біразға дейін ұйықтай алмай жаттым. Сөйтіп жатып, көзім ілініп кеткен екен, қорқынышты түс көріп, шошып ояндым түн ортасында. Түсімде өз үйімде үлкен өрт болып, мен соны сөндіріп жатыр екем. Ояна келсем, шынымен де үйіміз жанып жатыр екен. Теледидарды жалын шарпып, от қабырғалар мен төбені түгел орап алып, бөлме қою қара түтінге ораныпты.

 

Мен алғашында қатты қорқып кеттім де өзімнен кіші 11 жасар інім мен 9 жасар қарындасымды тез ояттым да өзім бірі - төрт жасар, екіншісі – 2 жасар екі қарындасымды көтеріп алып, есікке қарай тұра жүгірдім. Жүгіріп келе жатып, «әкем бізді сыртымыздан кілттеп кетсе, біз мына үйден қалай шығамыз?» деген қорқынышты ойға қалдым.

 

 

Қатты үрейленіп, қорқып кеттім өз ойымнан, бірақ бойымды тез тіктеп алдым, себебі ұйықтар алдында үйдің сыртқы есігін іштен өзім кілттегенім есіме сап ете түсті. Тездетіп, есікті ашып, 4 бауырымды тысқа алып шықтым да, көршінің үйіне қарай жүгірдік бәріміз. Көршілерді оятып, бауырларымды оларға тапсырып, өзіміз – көрші Теңел атай екеуіміз өртсөндірушілер келіп жеткенше өз күшімізбен отты өшіруге кірістік, - дейді ержүрек ұл Дархан. 

 

Аудандық өртсөндіру қызметіне өрт туралы қоңырау түнгі 02 сағат 12 минутта келіп түскен. Көршілері түнгі ауысымдағы балалардың анасы Әсемге хабарлап, ол жұбайына қоңырау шалғанда отағасы Бақытжан көлікті автотұраққа қойып жатырған кезі екен.

 

 

- Үйіме қалай жеткенім есімде жоқ. Балаларым отқа жанып кетті ме деген үрей бойымды билеп алды. Үйге құстай ұшып келе сала, балалардың бөлмесінің терезелерін сындырып, ішке кірмек болдым. Жұмыстас жігіттер мені ұстап алып, ішке кіргізбеді. Сол кезде құтқарушылар үйге кіріп шығып, үйде ешкімнің жоқ екенін айтса да, мен сенбедім. Мені жұбатып тұрғандары шығар деп ойладым. Балаларымды ойлап, сол жерде қатты күйзеліп кеттім,- деп есіне алды сол түнгі оқиғаны үй иесі Бақытжан Булатов.

 

Отағасының күңіренген дауысын естіген үлкен ұлы Дархан келіп, әкесін жұбатып, іні-қарындастарының дін аман, көршінің үйінде отырғанын айтады. Әкесі жанұшыра жүгіріп барып, көршінің үйіндегі балаларын көріп, сабасына түсіпті. Сол кезде жанып жатқан үйдің шатыры ортасына түсіп, баспана толықтай жанып кеткен екен.

 

 

Бүгінде Бақытжан Әмірханұлы бес баласы және жары Әсеммен жанып кеткен үй алдындағы уақытша баспананы паналап отыр. Тырнақтап жинап-терген бар мүлкі үйімен бірге жанып кеткен көпбалалы отбасы қазір көмекке зәру. Оларға ауылдастары қолдарынан келгенше көмек етуге ұмтылғанмен, шиеттей бала-шағамен біртүнде баспанасынан айырылып қалған отбасының жағдайы қиын екені айдан анық.

 

Отқа оранған үй ішінен қорықпай өз бауырларын аман алып қалған ұлы Дархан жайлы сұрағанымда, әкесі Бақытжан:

 

-Ұлыма үнемі менен кейінгі осы шаңырақтың азаматы сенсің деп құлағына құйып отырушы едім,мүмкін сол тәрбиемнің әсері болды ма, қиын сәтте ұлым Дархан жасып қалмады. Бауырларын құтқарып қалды,- деп ризашылығын танытты.

 

Ал кішкентай батыр – Дархан болса:

-Мен өз әрекетімді ерлік деп санамаймын. Себебі мен өзімнің бауырларымды үлкен ағасы ретінде қорғауға міндетті екенімді сезіндім. Сол себепті менде ешбір қорқыныш сезімі болған жоқ,- дейді 13 жасар ержүрек ұл. Бойынан балалығы кетпеген қаршадай балғынның қиын сәтте абдырап қалмай, нағыз ер азаматқа тән қылық танытуы – әкенің берген тәлімі, өнегесі деуге болады, әрине.

 

 

«Мектеп бітірген соң қандай мамандықты таңдар едің?» деген сауалыма өзінің музыка мектебінің бірінші сыныбын тәмамдағалы жатқанын мақтанышпен айтқан қайсар ұл Дархан домбырада күй тартып, әуелете ән салғанды жаны сүйетінін айтып, өнер саласын таңдайтынын білдірді.

 

«Батыр ағаларың – құтқарушылардың қалай адамдарды құтқарып, өртті сөндіретінін көргенде олардың ерлікке даяр тұратын батыл, ержүрек сарбаздар екеін көріп, соларға ұқсағың келмеді ме?» деген сұрағыма орай, ол мамандықтың жақсы екеніне көзі жеткенін айтып, мүмкін, мен де сондай құтқарушы-сарбаз болатын шығармын»,- деп ер балаға тән қылық танытты.

 

Бауырларының басына қиындық төнгенде еш қорықпастан, басын қатерге тіккен қаршадай ұлдың ерлігі өзге ұлдарға үлгі боларлықтай ерлік екені сөзсіз.

 

 

Сөз соңында баспанасынан, жиған-терген дүние-мүлкінен бір түнде айырылып қалып, қазірде бес баласымен қиын жағдайда қалған Булатовтардың отбасына қайырымдылық көмек көрсетіп, қасиетті Рамазан айында сауабы мол іс жасағысы келген ағайынға отағасы Булатов Бақытжан Әмірханұлының ұялы телефоны 8747 5926406 екенін хабарлаймыз. Қиналғанға – қол ұшын созудан бас тартпайық, ағайын! Себебі, қате ешкімге айтып келмейді.

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему