Ақтау әуежайы миллионы жолаушыға қызмет көрсетті
Курс валют в Актау
на 06/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Мая, 19:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау әуежайы миллионы жолаушыға қызмет көрсетті

15 Декабря 2017 (12:27) | 1727 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау халықаралық әуежайында миллионыншы жолаушыны анықтау рәсімі салтанатты түрде өтті.

 

 

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға аймақ басшысы Ералы Тоғжанов арнайы қатысып, жеңімпаз тұрғынға сый-сияпаттарды табыстады.

 

-Киелі түбекте 21 жыл бұрын салынған шағын әуежай, қазір Еуразия континентіндегі заманауи әуежайларға сай келетін әуежайлардың біріне айналды.

 

Бұл әуежай еліміздің бас қалалары Астана мен Алматы қаласының әуежайларынан кейінгі үштікке жайғасқан.

 

Мақтанышпен айта алатын үлкен жетістік, 2009 жылы Ақтау әуежайы – «ТМД елдері арасындағы ең үздік әуежай» атағын иеленсе, 2010 жылы «ТМД елдерінің әуежайлары арасындағы ең қарқынды дамушы әуежай» атанды.

 

Бүгінде осы әуежай Елордамызға өңірімізден 1 миллионыншы жолаушысын шығарып салғалы тұр.

 

Тәуелсіздігіміз құтты болсын, жолаушыларымыз аман-есен болсын. Сапарларыңызға сәттілік тілеймін!,-деген өңір басшысы Ералы Тоғжанов әуежайда аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге Алғыс хат табыстады.

 

 

Шара аясында жеңімпаздың есімі кездейсоқ анықталды. Алдын-ала Астанаға аттанғалы тұрған барлық жолаушыларға тіркелу кезінде 2 дана ұшаққа отырғызу талоны берілген.

 

Осылайша, талонның 1 данасын ұйымдастырушылар алып, арнайы жәшікке салған. Жеңімпаздың атын әуежайдағы ең кішкентай жолаушы мен аймақ басшысы Ералы Тоғжанов анықтады.

 

Жолаушылардың арасынан жеңімпаз атанған тұрғын үстел теннисі федерациясының басшысы Сұлтангерей Тілегенов болды.

 

Жеңімпазға «Бек Air» әуе компаниясының қолдауымен Қазақстанның кез-келген қаласына тегін сапар шегуге жолдама мен Ақтау халықаралық әуежайында 1 жыл тегін CIP-залынан тегін қызмет көрсету сертификаты табысталды.

 

-Астана қаласына үстел тенисінен өтетін жарысқа шәкірттерім мен бапкерлерді алып бара жатырмын. Бүгін Ақтау халықаралық әуежайында миллионыншы жолаушыны анықтайтынын жаңа ғана естідім, сол миллионыншы жолаушы мен болғаным үшін де өте қуаныштымын. Арнайы сыйлықтың да иесі атанамын деп күтпеген едім. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын,-дейді 39 жастағы жолаушы Сұлтангерей Тілегенов.

 

«Ақтау халықаралық әуежай» АҚ-ның атқарушы директоры Ерғазы Жолдасовтың айтуынша, « 2016 жылы әуежайда 865 мың жолаушыға қызмет көрсетілген.

 

Ал, биыл 1 млн. жолаушы сапарға шыққан. Мұнда алыс және жақын шетелдерге 24 бағыт бойынша ұшуға мүмкіндік бар.

 

Ақтау әуежайынан Мәскеу, Стамбул, Баку қалалары арқылы әлемнің кез-келген жеріне саяхаттауға болады. Алдағы уақытта Милан, Амстердам, Лондон, Дубай, Горган, Туркменбашы, Самарканд бағыттарына жаңа рейстер ашылмақ».

 

Әуежай жаңа қызметтерді ұсына отырып, мұнда келетін жолаушыларға ыңғайлы қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасауда.

 

Терминал заманауи қауіпсіздік құрылғыларымен жабдықталған. Күрделі жөндеу жұмыстарынан толық өткен.

 

Сурет Серік Майемеровтікі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему