Теніз қателікті кешірмейді
Курс валют в Актау
на 06/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Мая, 18:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Теніз қателікті кешірмейді

1 Августа 2016 (22:56) | 2940 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау облысының Төтенше Жағдайлар Департаментінің алдын алу бөлімшесінің мамандары облыс тұрғындары мен қала қонақтарын жаз айларында суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

 

Жаз мезгілінде теңіз жағасында уақыт өткізген жақсы екені сөзсіз. Жағажайда демалып қана қоймай, денсаулықты да нығайтуға болады. Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адамды сергек етеді және жұмысқа қабілетіңді арттырады.

 

[quote] Алайда суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтамасаңыз, бақытсыз жағдайларға тап болуымыз мүмкін. Суға түсу кезінде көбінесе балалар, ішімдік ішкен адамдар ғана емес, денсаулығы мықты әрі жүзу білетін адамдар да қайғылы жағдайға тап болады. Ал мұндай жағдайда дер кезінде, тез және дұрыс шешім қабылдай білу керек.

Сараптаулар көрсеткендей, мұндай қайғылы жағдайларға адамдар көбінесе суға түсуге болмайтын жерге түсу, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау, балаларды суға түсу кезінде қараусыз қалдыру, суға мас күйінде түсу кезінде ұшырап жатады.

Әрине, ауа температурасы 35-37 градустан жоғары болғанда адам теңіз жағасында шомылмауы мүмкін емес, бірақ аз ғана шомылып салқындап аламын деп ойлап, жағажайдағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытып кетіп жатады.

 Суда болған төтенше жағдайда адамның әрбір минуты қымбат. Егер сіз жақсы дайындықта болып, құтқарушының тәсілдерін, өз-өзіңізді құтқаруды, барлық қауіпсіздік ережелерін білсеңіз, онда өзіңіз тез әрі нақты шешім қабылдай аласыз [/quote]

Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтай біліңіз:

  1. Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз.

 

  1. Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз, тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті.

 

 

Тыйым салынады:

- Жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;

- Қатты толқын кезінде суға түсуге;

- Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жіберуге;

- Камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түспеу;

- Салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;

- Қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болмау;

- Дәрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналыспау.

 

Суда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары:

 

Үлкендердің білуі керек:

  • Суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау;
  • Суға түсуге болмайтын жерлерге шомылмау.

 

Демалатын жерлерде мына талаптар орындалу керек:

Балалар шомылатын су жағажайларының топырақты болуы. Су қоймасының түбі бірте-бірте еңіс тартып, 1,5 метр тереңдікте су түбі тастардан, басқа да заттардан таза болуы қажет. Суға түсуді үйреніп жүрген мектепке дейінгі жастағы балалар үшін арнайы орын бөлініп (тереңдігі 0,7 метрден аспауы керек), қауіпті жерлер арнайы тростармен белгіленуі тиіс.

 

Су жағажайларының тереңдігі 1,5 метрге дейін болғанда 12 жас және одан үлкен жақсы жүзе алатын балаларды жіберуге болады. Балалардың қасында міндетті түрде құтқарушы немесе суда жақсы жүзе алатын үлкендер болу керек.

 

Барлық балалар мына ережелерді есте сақтауы керек:

  • Суға тек арнайы жерлерде түсу;
  • Суға түсу кезінде кемелерге, басқа да жүзу құралдарына жақын бармау;
  • Камерамен, тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға шомылуға болмайды, ескерту белгілері берілген кезде судан дер кезінде шығу қажет;
  • Таныс емес жерлерге, жағалауларға суға сүңгімеу;
  • Су температурасы 18 градустан төмен боғанда суға түсуге болмайды.
  • Суға сынған банкілерді, әйнектерді лақтыруға болмайды, олар суға түсушілерге қауіпті болады;
  • Суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбау;
  • Суға тек қасыңда үлкен адамдар болғанда ғана шомылу керек

 

Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему