Соттағы бейбіт келісім – тараптарға уақыт үнемдейді
Курс валют в Актау
на 06/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Мая, 20:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Соттағы бейбіт келісім – тараптарға уақыт үнемдейді

16 Января 2018 (00:28) | 2326 | Автор: Нурганым Имашева

2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы қабылданып, 2011 жылдың 05 тамызында заңды күшіне енді.Ол біздің мемлекетіміздің сот жүйесіндегі басты жаңалықтардың бірі болды.

 

 

Медиация институты қазақ қоғамына жат емес. Ұлтымыздыңтарихындабилер институты болған. Азаматтарарасындатуындаған дау-дамайлардыбилер, шешендернемесебеделі бар жергіліктіақсақалдарәділшешіпотырған.

 

Билердіңнегізгішешетінмәселесікелгеншығындықалпынакелтіру,дауласушылардыбітімгежеткізуболыптабылған. Көбіне сот шешімінебірғанатарапқанағаттанады, екіншітарап сот шешіміне риза болмағандықтан, істіапелляциялық, кассациялықжəнеқадағалаусатыларындақайтақарауғаөтінішбереді.

 

Аталғансатылардыңəрқайсыныңөзініңуақытмерзімінебайланыстыістердіқараубірнешеайға, ал, кейбіржағдайлардажылғасозылыпкетеді. Медиация əдісіарқылыазаматтаруақыт пен қаржышығындарынүнемдейді.  Медиацияныңартықшылықтары - тараптаруақытынүнемдейді, себебі, сот рәсімінеқарағандабұлрәсімәлдеқайдақысқалау; мемлекеттікбажсалығытөленбейдіжәнеадвокаттыңқымбаттұратынқызметікерекемес.

 

«Медиация» сөзі - латын тілінен аударғанда делдал, екі тарапты мəмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиация - тараптардың ерікті келісім бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиаторлардың жəрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рəсімі. Медиацияны, қарапайым тілмен айтқанда, бітімгершілік деп түсінуге болады. Яғни, қандай да бір мəселе бойынша тараптар арасында келіспеушілік туған жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар оны соттан тыс, өзара келісім жағдайында шеше алады. Екі арадағы келісім медиаторлар арқылы жүзеге асырылады.

 

Медиацияның мақсаты - дауды бітімгершілікпен шешудің екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу. Медиацияны жүргізу кезінде еріктілік, құпиялық, медиатордың тəуелсіздігі мен бейтараптығы жəне медиация тараптарының тең құқылығы мен оның рəсіміне араласуға жол бермеушілік қағидаттары сақталуы тиіс. Медиация тəсілі сот ісіндегі тазалықты, əділ төрелікті қамтамасыз етудің негізгі тəсілдерініңбірі. Медиацияның мүмкіншілігі, келіссөзге бейтарап жақтың қатысуының оны жүргізуге оң әсер етуі фактісін мойындауға негізделген. Медиация дауларды альтернативті реттеудің әдісіне жатады және мемлекеттік және аралық соттарға балама болып табылады.

 

Медиация соттан тыс тәртіпте қолданылуы мүмкін, дәлірек айтқанда дау тараптары дауды реттеу бойынша бір шешімге келе алмаса және сотқа да жүгінгісі келмесе. Сотқа дейін медиация шартқа немесе басқа да құқықтық келісімдерге, туындаған дауды медиация қолдану арқылы шешу туралы, медиациялық ескертпе енгізу негізінде жүзеге асырылады. Сот процесі аясында да тараптар істі сотта қараудың кез-келген кезеңінде процесті тоқтатып медиация рәсіміне жүгіне алады, сот та тараптарға медиация рәсіміне жүгіну туралы ұсыныс жасай алады.

 

Медиацияны қолдану дауласушы тараптарға соттағы қағаз бастылықтан, мағынасыз уақыт және ақша жұмсаудан, қоғамдағы, БАҚ-ғы немесе Интернет желелеріндегі қажетсіз жариялылықтан құтылуға, сонымен қатар адамгершілік, іскерлік немесе серіктестік қатынастарды, бедел мен өз ортасындағы сыйластықты сақтауға мүмкіндік береді.

 

 

Медиатордың судьядан айырмашылығы – медиатор жанжалға қатысушылармен болатын келіссөздерге белсенді қатыса алады, ал судья мұны жасай алмайды, ол араласпаушылық принципін ұстануға міндетті. Медиацияға бар болғаны 30 күн уақыт беріледі, ал соттар айларға, тіпті жылдарға созылады.

 

Медиация туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін, егер іс сотта қаралса, ол сотта бейбіт келісім ретінде мақұлданады. Дауласушы тараптар медиация туралы келісім-шарт және сотқа дейінгі тәртіппен жанжалды реттеу туралы келісім жасаған жағдайда, келісім дауласушы тараптар оны ерікті түрде орындауға міндеттеледі дегенді білдіреді.

 

Жалпы айтқанда, медиацияның негізгі мақсаты – дауласушы екі тарапты да қанағаттандыратын ортақ шешім табу, сөйтіп екі жақтың да пікірін үйлестіріп, бітімге келтіру болып табылады. Сол себепті тараптарға медиациялық келісім жасақтау, яғни бейбіт келісімге келу арқылы дауды шешу тиімді болады.

 

Ақтау қаласы №2 сотының судьясы

Мұхит Қамзинұлы Мұқашев

 

Суреттер e-law.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему