Дәрігерлерлердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған мүмкіндік
3 Мая 2018 (17:41) | 2262 | Автор: Нурганым Имашева
Елбасы Н. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспорттарын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру туралы тапсырма берген болатын.
Осыған орай елімізде бірқатар медициналық мекемелер ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың «Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу жөніндегі қанатқақты жобаны енгізу туралы» бұйрығына сай қағазсыз форматтағы жұмысқа көшті. Жаңалықты жұмысына алғаш енгізгендердің қатарында «Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы» да бар.
-Құжаттарды қағазсыз жүргізуге көшуге байланысты пилоттық жобаны біздің мекеме өткен жылдың тамыз айында қолға алды.
Осыған орай мекемеде бірқатар қызметкерлеріміз де арнайы оқу курстарынан өтті.
Қараша айынан бастап жұмысты толықтай бастап кеттік. Қазіргі таңда барлық науқастар жайында деректер компьютерде сақталады.
Жаңа жоба арқылы дәрігерлеріміз қағазбастылықтан арылып, уақыттарын да үнемдеуде,-дейді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары Нұрболат Төлегенов.
Бұл жаңалықпен «Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының» баспасөз қызметі бөлісті.
Суреттерді ұсынған «Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының» баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему