Маңғыстауда 4 күн ішінде 1200-ден аса шетел азаматы жауапкершілікке тартылды
25 Мая 2018 (16:40) | 1716 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының Ішкі Істер Департаментінің Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ағымдағы жылдың мамыр айының 21-24 аралығында республикалық «Заңсыз келуші-2018» жедел профилактикалық іс-шарасының 1-кезеңі өткізілді.
Аталған іс-шараға Ішкі істер органының – 134 қызметкері жұмылдырылды.
Сонымен қатар – 19 бірлескен ұтқыр топтар құрылды.
Іс-шараның төрт күнінде төмендегідей әкімшілік құқық бұзушылықтар аңықталып, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің келесі баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
- Қоғамдық орындарда тиіскені үшін (ҚРӘҚБтК-нің 449 бабының 3 бөлігі) – 2 шетелдік;
- Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 517 бабы) – 1232 шетелдік;
- Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 518 бабы) – 87 ҚР азаматы тартылды;
- Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 519 бабы) – 49 тұлға тартылды;
- Қабылдау-тарату орынына – 111 азамат қамалды;
- Сот органдарының шешіміне сәйкес елден тыс жерге – 113 шетелдік шығарылды, оның ішінде азаматтық сот өндірісімен – 1;
- 1101 шетелдіктің уақытша болу мерзімдері қысқартылды;
- сотқа дейін тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне сәйкес 10 шетел азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 393 бабы бойынша «Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау» - 9, ҚР ҚК 392 бабы т.1 бойынша «ҚР-ның Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өту» - 1);
- Іздеуде жүрген 3 күдікті ұсталды («тонау», «ұрлық», «алаяқтық» бойынша) .
Сурет kp.kz
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему