Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам тіркелді
10 Апреля 2020 (15:10) | 3747 | Автор: Нурганым Имашева
Облыстық ақпарат қызметінен келіп түскен мәліметке сай,Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы аудандық ауруханада коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Екі науқас та 40 жастағы әйел.
Олар Жаңаөзен қаласында 8 сәуір күні вирус анықталған 1974 жылғы әйелмен байланыста болған. Осыған орай карантинге алынып, қаны мен ауыз қуысынан алынған сынамаға зертханалық сараптама жасалынған болатын.
Диагностикалық зерделеу нәтижесінде екеуінен де COVID-19 анықталды.
Бекітілген протокол бойынша ем шаралары жасалып жатыр.
Науқастармен байланыста болған азаматтар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды.
Індет аумағы залалсыздандырылып жатыр.
Ақтауда -5
Жаңаөзенде -2
Маңғыстау ауданында -2.
Сурет news.yandex.kz сайтынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему