Балаларға Бірлік мерекесінің маңызын ұғындырды
2 Мая 2018 (01:32) | 4490 | Автор: Нурганым Имашева
«1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні»мерекесіне орай Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Маңғыстау облысының ТЖД өрт қауіпсіздік саласындағы профилактикалық бақылау және қадағалау басқармасымен бірлесіп, «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында сурет салу, өлендер оқу бойынша бүлдіршіндер арасында бірнеше конкурстық іс-шаралар өткізді.
Сайысқа аула клубтарының, балабақшалардың және «Оқушы» орталығының балалары қатысты.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тарапынан балаларға Қазақстанның көп ұлтты халқы арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы туралы, көп ұлтты еліміздегі этностардың татулығы, бірлігі жайында түрлі түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сайыстар нәтижесі бойыншабарлық жүлдегерлер және қатысушы балақайлар төтенше жағдайлар саласы тарапынан арнайы «Мақтау қағаздарымен» және сыйлықтармен марапатталды.
Суреттерді ұсынған Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему