Жаңа Заңның талаптары
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 11:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңа Заңның талаптары

16 Ноября 2016 (16:57) | 2586 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Енді бағалы металдар мен зергерлік бұйымдарды құжатсыз тасымалдауға тыйым салынады. Әр бұйымның тасымал карточкасы болуы қажет. «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заңға осындай жаңа ереже енгізілді.

 

0:001:23Бұл жөнінде өңірдің Орталық коммуникациялар қызметінің филиалында журналистермен өткен брифингте облыстық техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті басшысының міндетін атқарушы Тілектес Атшыбаева мәлім етті.

 

          Ағымдағы жылдың 6-ақпанынан бастап асыл тастар мен асыл тастардан және бағалы металдардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдармен  сауда операциялар саласында қарым-қатынастарды реттейтін 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы күшіне енді.

 

Департамент басшысының мәлімдеуінше, «Заңға сәйкес, тұтынушыларды жаңылдыруға әкеп соғатын жағдайларды болдырмау мақсатында зергерлік бұйымдарды міндетті сынамалау және таңбалау нормалары енгізілді.

 

Сынамалау – бағалы металдардың, зергерлік және басқа да бұйымдардың сынамасын белгіленген әдістермен айқындау немесе растау;

Таңбалау – зергерлік және басқа да бұйымдарға сынамалық таңба бедерін салу;

 

Сынамалық таңба – зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын, осындай бұйымдардағы бағалы металл сынамасын куәландыратын белгіленген үлгідегі белгі. Зергерлік және басқа да бұйымдар «Барыстың басы» символының бедері, уәкілетті ұйымдар коды бар Қазақстан халықаралық аббревиатурасы «KZ» және жанында сынама нөмірі бар Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбаларымен таңбаланады.

 

Ал сынама дегеніміз, өз кезегінде -  бағалы металл қорытпасының мың массалық бөлігіндегі таза бағалы металдың массалық бөліктерінің саны. Яғни, алтында 585-сынама болса, бұйымның 100%-нда таза алтын үлесі 58,5% болады деген сөз.  Сонымен қатар, алтында 500, 583, 750, 958 сынамалары болады».

 

Осылайша, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап Қазақстан Республикасының территориясында сынамалау таңбасы мен зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіруші субъектімен өзінің барлық зергерлік және басқа да бұйымдарына қойылатын атаулы таңбасынсыз сатуға рұқсат етілмейді.

 

Атаулы таңба – бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындаушыны куәландыратын арнайы белгі. 

 

Зергерлік және басқа да бұйымдарды шығарумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар уәкілетті ұйымда атаулы таңбаны міндетті түрде тіркеуден өтеді. Уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.

 

Қазіргі таңда Қазақстанда мұндай ұйымдар көп емес, дәлірек айтсақ, Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан облысында Сынамалық палаталары және Шымкент қаласында тағы бір палата ашылу жоспарлануда. Сонымен қатар, «Казахювелир» компаниясының зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптау жүргізетін аккредиттелген зертханасы бар.

 

Уәкілетті ұйым субъектіге бұйымның шығарылған жылы туралы,  субъекттің орналасу өңірінің коды туралы жасырын түрде ақпараттан тұратын шифр береді.  Әр өңірге, яғни Қазақстан Республикасының әр облысына әліпбидің бір әрпі сәйкес келеді. Ал Астана, Алматы қалаларының кодтарын белгілеу үшін 3 әріптің бірі қолданылады. Мысалы, Алматы қаласының кодтары – А, Б, В, Алматы облысы үшін – Г әрпі, ал Маңғыстау облысының коды – У әрпімен белгіленеді.

 

- Қазақстан территориясында сату кезінде барлық бұйымдарға Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбасы болуы міндетті. Ал атаулы таңбалар - тек қана Қазақстанда шығарылған бұйымдарға міндетті.

Тексеріс кезінде сынамалық таңба мен тіркеуден өткен өндіруші таңбасынан бөлек келесілер тексеріледі:

зергерлік бұйымдардың заттаңбаларында әшекей ретінде асыл емес тастар қолданылуы туралы ақпараттың болуы; 

уәкілетті ұйымның сараптама қорытындысының бар болуы;

Еуразиялық Экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының территориясына әкелу кезінде тауардың әр партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісінің болуы.

Мұның барлығы бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдардың сапа кепілдігі бола отырып, зергерлік бұйымдар нарығын тәртіпке әкеледі. Себебі, біз алтын немесе асыл тастардан жасалған бұйымдар сатып ала отырып, оларға инвестиция құямыз. Бағалы металдар нарығын бақылау тұтынушылардың алдануын болдырмауға ықпал етеді, - деп түсіндірді Департамент басшысы жаңа Заң талаптарын

Енді ірі көлемдегі зергерлік және бағалы металды бұйым сататындар әр затын мөрмен куәландыру қажет. Ол тұтынушы үшін және бұйымның сапасын анықтау үшін маңызды. Бағалы бұйым көшірме болса, оған мөр басылмайды. Демек сапасыз тауар.

Кез-келген сатып алушы бағалы металдың құрамына күмән келтірсе осы департаментке шағымдануына болады. Қазір облыста зергерлік бұйым сататын 58 дүкен бар. Мамандар олардың барлығына жаңа заңды түсіндіруде.

Тілектес Атшыбаева - МО техникалық реттеу және метрология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Шілде айынан бастап сауда мекемелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Сол уақытта кейбір алтын сататындар, тыңдауын тыңдап алып, бірақ өздерінің мәліметтерін бермей қашатын. Ондай сатушылар да болды.

Біреулер келіп сұрақтарын қойды. «Алтын бұйымдарым бар қалай заңдастыра аламын?» - деп. Мені тексеріп келгенде, не тұтынушы сұрағанда ешқангдай мәселе болмасын деп. Бірақ, бізге әлі бірде-бір шағым түспеді, - дейді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему