Маңғыстау облысы ТЖД екі қызметкерді зейнеткерлікке шығарып салды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 22:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы ТЖД екі қызметкерді зейнеткерлікке шығарып салды

9 Февраля 2016 (10:47) | 3444 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрам түгел жиналған әсерлі жиын өтті. Ұжым мүшелері салада ұзақ жылдар бойына қызмет еткен екі басшыны құрметті демалысқа – зейнеткерлікке шығарып салу рәсіміне арналған салтанатты кешке жиылды.

  

2015 жылдың 5 ақпанында екі қызметкер - Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Қажымұқан Жарыұлы Қосбаевты және Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтық қорғау қызметінің полковнигі Бақытбек Есенбекұлы Молдабековті зейнеткерлікке шығарып салу шарасы ұйымдастырылды.  

 

Өз өмірінің ұзақ жылдарын төтенше жағдайлар саласындағы жауапты қызметке арнаған қос басшыға ұжымдастары құрмет көрсетіп, ілтипатты ізгі тілектерін арнады.

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев қос қызметкерге ұжым атынан әдемі гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарды табыс етті.

 

 

Күнделікті қарбаласқа толы жұмыс күнінен кейін бізге демалыс қандай керек болса, сондай ұзақ жылдар бойғы қарқынды еңбектен кейін бізге зейнеткерлік те қажет. Ол бізге қызмет бабымен жүріп, уақыт жетпеген өмірдің жай қуаныштарын сезіну үшін, қызығына рахаттану үшін керек.

 

Сондықтан, Сіздерге зейнеткерлікте сәттіліктер тілеймін, өмірге рахаттаныңыз. Ғұмырыңыздың жалынды, ең жақсы кезеңдерін жауапкершілік жүгі ауыр қызметке арнағаныңыз үшін Сіздерге алғыс білдіремін.

 

 

Алдарыңызға қойылған тапсырмаларды абыроймен орындап, барлық уақытта жас қызметкерлерге үлгі болдыңыздар. Осы жылдардың барлығында сіздерді қолдап, тірек болған отбасыңызға рахмет айтқым келеді. Мол табыс, ұзақ, бақытты өмір және мықты денсаулық тілеймін, - деді Қ.Б. Базарбаев.

 

Салтанатты кеште құрметті демалысқа шығарып салып отырған басшылардың қызметтегі кейбір сәттері және ұзақ жылдар бойына өздері басшылық еткен ұжымы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему