Мұнайлыда ″Дипломмен ауылға″ бағдарламасы аясында 58 маман көтерме жәрдемақы алған
26 Октября 2021 (12:52) | 1140 | Автор: Редакция
Мұнайлы ауданында жыл басынан бері 58 маман көтерме жәрдемақы алған. Оған аудан қазынасынан 16,9 млн. теңге қарастырылған. Сондай-ақ 48 маман 209,5 млн. теңгеге бюджеттік несие алған. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
toppress.kz
“Ауданда мұғалімдер мен дәрігерлерге, яғни әлеуметтік сала мамандарын қолдауға бағытталған “Дипломмен ауылға” бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Жыл сайын ауданның әлеуметтік саласына қажетті мамандықтар тізбесі жасалады. Қажетті мамандарға үстеме жәрдемақы тағайындалады. Мәселен білім саласында қажетті мамандар тізбесі бойынша математика және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мамандарына сұраныс жоғары”, - деді Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шынар Сұңғат.
Айта кетейік, биыл ауданда 28 денсаулық, 14 білім, 4 мәдениет және спорт салаларының мамандары бюджеттік несие алған. Жылдық жоспар бойынша бюджеттік несие 60 маманға беріледі деп жоспарланды. Қазір оның 56-ы несие алған.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему